Азғындар өмір бойына қамалады

ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда педофилдерді 20 жылдан бастап өмір бойына дейінгі мерзімге бас бостандығынан айру көзделіп отырғанын айтады.

«Жыныстық қатынас мазмұнындағы және зорлық әрекетіндегі қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтіледі. Күш қолданып, қорқытып немесе әлсіздігін пайдаланып зорлау әрекеті орташа емес, ауыр қылмыс болып есептеледі, яғни мұндай жағдайда тараптардың татуласуы деген нәрсе болмайды. Ал балаларға қатысты мұндай әрекет аса ауыр қылмыс ретінде қаралады. 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты жыныстық қатынас мазмұнындағы және зорлық әрекетіндегі  қылмыс үшін 20 жылдан бастап өмір бойына дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», – деді сәрсенбі күнгі мәжілісте Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасағаны, педофилия фактісін жасырғаны, тиісті орындарға хабарламағаны үшін де жауапкершілік күшейтіледі. «Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс түріне жатқызылады», – деп нақтылады қылмыстық және қылмыстық-процессуылдық заңдылықтарға енгізілген өзгерістерді түсіндірген М. Ахметжанов.

Серік Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *