Сақадай сай 330 жас кадр іріктелмек

ҚР Президентінің жастар кадрлық резерві конкурсының ақтық кезеңіне 400 қатысушы өтті. Енді бұл талапкерлерді сараптамалық комиссияның алдынан әңгімелесуден өту сынағы күтіп тұр.

Конкурстың ақтық кезеңіне аяқ басқан 400 талапкердің тізімі  pkrezerv.kz сайтында жарияланды.  

Талапкерлердің сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтуі 27 қараша мен 13 желтоқсан аралығына белгіленген. Сараптамалық комиссияның құрамында өзге жұртшылықпен бірге БАҚ өкілдері де бар.

Әңгімелесудің қорытындысынан кейін кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына талапкерлердің 330-ы қалдырылады деп күтілуде. Ұлттық комиссияның отырысы жылдың соңына дейін өткізіледі деп жоспарланған.

Мадина Нұрлан

Сурет ашық көздерден алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *