Америкада стартап бастау

Венчурлық капитал, питчтер, трендтер және т.б. сияқты АҚШ-тағы технологиялық стартаптардың егжей-тегжейіне үңілмес бұрын бірнеше өте қарапайым, алайда іргелі қағидаларды түсіну қажет, оларсыз стартаптардың 99% құрдымға кетеді

Мәні

Өзің үшін, серіктестерің, әріптестерің және клиенттерің үшін мән-маңызы. Біз мұны не үшін жасап жатқанымызды, не нәрсеге қол жеткіміз келетінін түсіну қажет. Америка өте дамыған және бәсекелі нарық, әрбір индустрияның өзіндік шағын индустриясы бар және қай жерде де ресурстары, байланыстары, дарынды жандары мен клиенттерге деген қолжетімдігі көбірек ірі ойыншылар бар. Ең басында Қазақстаннан келетін қарапайым қыз-жігіттерге тілдік кедергісімен, шектеулі ресурсымен және сүбелі байланыстарсыз мұндай алыптармен тартысып, бәсекеге түсу мүмкін еместей көрінеді.

Алайда, шын мәнісінде олай емес. Біздің басты артықшылығымыз – ол бойымыздағы ынта-жігер және әлденені жақсырақ істеуге, елеулі үлес қосуға, шешілмей тұрғанды шешуге деген зор құлшыныс. IBM бағдарламалаушысы шешім іздеуде қолжетімді көздерді тексеріп, бір күндік міндеттерін орындап, достарымен демалуға кеткенде, қазақстандық жігіттер өздерінде IBM ресурстары жоқтығын түсініп, тәулігіне 20 сағаттан талмай жұмыс жасап, қалыптан тыс әдістерді сынап көріп, өзіне жолыққан әрбір жанмен бірге шешімді ұдайы тексеріп көреді.

Бұл дереу табысты шешімге әкелмейді, бұл ұзаққа созылатын өте ауыр процесс. Сіз жиі мақсатыңызға дөп тимеуіңіз мүмкін, әлеуетті клиенттер сізге күліп қарап, бәсекелестеріңізде бәрі жасалып қойғанын және бірізді жұмыс жасап тұрғанын, сіздің әлі босағада тұрғаныңызды айтып, айнытуы мүмкін. Бұл кезеңде берілу, түрлі сылтау тауып, бұл тәуекел өзін ақтамайтынын, өзіңізді, жақындарыңызды ойлау керектігіңізді, тіпті мұндай мүмкіндіктер әлі болады, мен жас емеспін пе деп, өз-өзіңізді сендіруіңіз әбден мүмкін… Қазақстанмен салыстырғанда, шаңырақ сіздікі емес, мұнда жақындарыңыз жоқ, сіз және командаңыз жападан жалғызсыздар, ал нарық өте үлкен, мұнда жай табан тигізудің өзі көп ақшаны талап етеді, ал табысқа жету мүмкіндіктері сағым сияқты көрінеді.

Қарапайым, алайда өте шыншыл ортақ ұстанымдар, әріптестерге және өзіңе деген адалдық, табысқа, бір-біріңе, мүмкін емес дүниеге деген ортақ сенім жобаны сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі. Бірізділікті тастамай және сырттай есуастық сияқты көрінетін бойыңыздағы құлшынысты өшірмей, сіз бұл жолды жалғастырасыз, ал жолыңызда дұрыс адамдарды кезіктіресіз. Дәл сіз сияқты ойлайтын жандарды жолықтырасыз. Уақыт өте келе, скептиктерге уақыт жоғалтудың қажет еместігін, оларды өз дегеніңе көндірудің далбаса екенін түсінесің… Себебі әрбір сәт сайын сіз жобаңыздың тіршілігін саудаға саласыз. Шығар жол – сіз сенетін дүниеге сенетін адамдарды табу. Ол әлеуетті әріптес пе, адвайзер ме, серіктес немесе клиент пе,  бәрібір. Егер ол адам сіз сенгенге сенсе, ондай жан сізге жол ашуға барын салады. Ол мұны сіз үшін жасамайды, мұны олар өздері, өз ұстанымдары және әлденені өзгертуге деген өз бойларындағы құлшыныс үшін жасайды. Осылайша қолдан жасалған хайп емес, нағыз инновациялар дүниеге келеді.

Дұрыс адамдар.

Бұл кезеңде сіз өз ұсынысыңызды он рет өзгертіп үлгерген боларсыз. Жүздеген теріс жауаптан, жағымсыз кері байланыстан кейін сіз өзіңізге қажетті серпінді берген екі басты адамды таптыңыз. Аса қатты қуанбаңыз, бұл басы ғана және сіздің концептіңіз бірнеше рет өзгеруі ықтимал. Мұнда кері байланысты қайдан алатыныңызды есте сақтау маңызды. Америкада көп адамның табиғаты ашық-жарқын және мейірімді. Оларға өз өніміңізді көрсету өз балаңды көрсеткенмен тең, сізге балаңыз ұсқынсыз деп ешкім айтпайды ғой! Жай кері байланыстың сіз үшін маңызы өте аз болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн, нағыз валидация – адамдардың шешім қабылдап, іс-қимыл қылуы. Бұл тек сатып алатын клиенттер ғана емес, сондай-ақ сізбен бірге аз-маз ақы немесе тіпті тегін күніне 20 сағаттан жұмыс жасауға келісетін әріптестер немесе сізді өз клиенттеріне, инвесторлары мен сарапшыларына ұсынатын серіктестер болуы мүмкін.

Бұл кезеңде өте жиі «маргинал эффектісі» пайда болады. Мұны қарапайымдылықпен шатастырмаңыз! Қарапайым болу және айналаңдағылардан үйрену ең маңызды қасиеттердің бірі. Алайда атағы жер жарған атаулардан, есімдерден немесе лауазымдардан қорқудың қажеті жоқ. Жиі қарапайым қазақстандықтар бола отырып, біз Combinator немесе Plug and Play сияқты әлемдік акселераторлардың өкілдерімен, Фейсбуктің, Гуглдің директорларымен, Уолл Стриттегі қаржыгерлермен кездесуде қысылып, қымтырылып жатамыз. Олар мықты ғой, ал мен оларға не айтам, не көрсетем, немен таңғалдырам? Есіңізде болсын, олар да сіз сияқты, белгілі бір дәрежеде сіз қалағанды қалайтын жандар. Егер сіз оларға әлденені таныстыратын болсаңыз, бұл жобамен не үшін айналысып жатқаныңызды, сіз әкеліп жатқан вэльюді, не нәрсеге сенетініңізді айтып беріңіз. Мысалы, өз шешіміңізде қандай алгоритмдер пайдаланатыныңызды айтып, уақыт жоғалтпаңыз, оның орнына өзіңіз қол жеткізіп жатқан нәтиже жөнінде, қанша ақша үнемдейтініңізді, қанша мүмкіндік ашып жатқаныңызды және клиент немесе тұтас индустрия үшін мұның маңызы қандай екенін айтып беріңіз. Өз ойыңыз бен құлшынысыңызды сезіндіруге тырысыңыз, идеяңыз ауқымды әрі іргелі іске айнала алатынын көрсетіңіз, нақты сандармен тұздықтаңыз. Осылайша, сіз құндылықтарыңыз ортақ адамдарды табасыз. Сол кезде бұл келесі қадамдарға: ол адамдармен бейресми ортада сөйлесуге, бірге түстенуге, тіпті воркшоп ұйыдастыруға да мүмкіндік ашады. Сіз үшін олар туралы, оларды алға не жылжытатыны, неге қол жеткізгісі келетінін білу қызық бола түседі. Сіз не істесеңіз де, әрдайым белгілі бір нәрсені өткізесіз, жеке кездесулерде нені айтып беретініңізді емес, нені сұрайтыныңызды, нені біліп алу керектігін, ортақ құндылықтарыңызды қалай анықтайтыныңызды ойлаңыз.

Мұндай жүздеген кездесулерден кейін сіз қазір елестетіп те көре алмайтын мол білімге ие боласыз! Инновациялар процесі, тұжырымдаманы пысықтау және өз экожүйеңізді құру деген де осы.

Осылайша, сіз өзіңізге оң қабақ танытатын, қателіктеріңізді кешіретін алғашқы клиентіңізді табасыз, ол үшін сіз мың пайыз жұмыс жасап, барыңызды саласыз. Сондай-ақ сізге жаңа әріптестер, серіктестер мен эдвайзерлер қосыла бастайды. Бұл ортақ құндылықтармен, басты машықтармен, байланыстармен және бастысы түйткілді басқалардан жақсырақ шешуде сағы сынбайтын құлшыныс біріктірген алғашқы, алайда өзара тығыз байланысты экожүйе.

Келесі топиктер:

  1. Коммерциялық ұсыныс 
  2. Келесі өлшем
  3. Вэлью
  4. Тартымдылық
  5. Толық қамту
  6. Екшелеу
  7. Ұсыныс
  • Таныстыру
  • Венчурлық капитал 
  • Шынайы өмірмен байланыс
  • Үздіктерді тарту
  • Операциялық жұмыс
  • Серіктестіктер
  • Нарық 

Мен жайлы 

6000 компанияның 20-сы таңдап, ең ірі әлемдік акселератор Plug and Play-ге үлкен жетістікпен өткен алғашқы қазақстандық стартап – Cognive,Inc. бұрынғы СЕО

Мен енген тізімдер 

Когнитивтік компьютинг саласындағы шешімдердің топ 10-дығы 2019 — CIO Review

Блокчейн компаниялардың топ 10-дығы 2018 — Capital Markets Magazine

Реттеуші технологиялардың топ 10-дығы 2019 — Banking CIO Outlook

Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша шешімдердің топ 10-дығы 2019 — Tech Outlook

Consilienz, Inc негізін қалаушы әрі СЕО (2019 маусымынан бастап)

  • Амир Сундерджимен ортақ жоба (Cash Edge негізін қалаушылардың бірі, $465М сатылды) 
  • Команда Фейсбуктің қауіпсіздік бойынша бұрынғы басшысын, Stripe зерттеулер бойынша басшысын, Citigroup-тің  Дата Саинс лидерін, IBM Watson-ның бұрынғы қаржылық нарықтар директорын, ФТБ контртерроризм бойынша бұрынғы директорын және Ақ үйдің бұрынғы кеңесшісін қамтиды
  • Dow Jones, IBM-Senzing-пен серіктестіктер (қол қойылды) 
  • Оффшорлық есепшоттарды талдау бойынша Dow Jones, Dun and Bradstreet және IBM Senzing-пен ортақ жоба (әлі қол қойылған жоқ, бірақ жұмыс жүргізіліп жатыр) 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *