Питт пен Ди Каприо Тарантиноның картинасына бірге түседі

Квентин Тарантиноның айтуынша, фильм 1969 жылдарды сипаттайды. Сондай-ақ, режиссер картина сценарийін бес жыл бойы жазғанын айтып өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Брэд Питт фильмде Далтонның дублерін сомдайды. Ал Ди Каприоға Рик Далтонның рөлі бұйырды. Режиссердің айтуынша, картина персонаждары заман ағымына сай өмір сүруге тырысып бағады.

Мұнымен қатар, фильмде Роман Поланскийдің әйелі болған актриса Шерон Тейттің өліміне қатысты оқиға сипатталады. Актриса — Чарльз Мэнсонның құрбандарының бірі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *