Қазақты әлемге танытар жаңа чемпиондар өсіп келеді

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.

Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 469 таеквондошы жиналған. Жарыстың ашылуында Республикалық таеквондо федерациясының өкілдері, Ибраев Мақсұт Сансызбайұлы мен Чилманов Арман Константинұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың алғашқы күні ұлдар 33, 41, 49 келі салмақтарда өзара мықтыны анықтады. Нәтижелерді ұсынамыз:

49 кг:
1. Мусахан Бексұлтан Алматы облысы.
2. Сайлаубек Мерей ШҚО.
3. Бекбосынов Жандос Алматы облысы.
3. Амангелді Нұрғиса Маңғыстау облысы.

41 кг:
1. Байтұрсын Сұлтан Алматы қаласы.
2. Махаматов Азимжон ОҚО.
3. Құттыбай Наурыз Астана қаласы.
3. Тоғымжан Жандос Қызылорда облысы.

33 кг:
1. Тлеулес Тамирлан Алматы қаласы.
2. Әбдібай Ерсұлтан Алматы облысы.
3. Егембердиев Мұхамедәли ОҚО.
3. Кенжалиев Мақсат Қызылорда облысы.


Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы әлемдік додаларда Қазақстандық спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр.

Мысалы былтыр Египетте өткен әлем чемпионатында Алматы қаласының спортшысы Бакишева Рита қола жүлдегер атанған болатын. Атыраудағы сайысқа да Рита қатысып, өзінің жасөспірімдер арасында мықты екенін дәлелдеп, чемпион атанды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *