Астанадағы «Бәйтерек» уақытша жабылады

Осы жылы 21-28 мамыр аралығында «Бәйтерек» монументі жоспарлы реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келушілер үшін жабық болады.

Аталған кезеңде еліміздің басты ескерткіштерінің бірінде мынадай жұмыстар жүргізіледі: конструкцияның шыны бөлігін жуу, металл тіректерді сырлау, кейбір мәрмәр элементтерді ауыстыру және ауа райының қолайсыздығының салдарынан туындаған кейбір кемшіліктерді түзету.

«Бәйтерек» монументі 29 мамырда келушілер үшін есігін айқара ашады. Айта кетейік, ескерткіш үзіліссіз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 300 теңге және ересектер үшін – 700 теңге.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *