10 миллиард доллар тұратын биткоиндар Швейцария тауында сақтаулы

Әлемде табылған барлық биткоиннің жеті пайызға жуығы Швейцария тауындағы бұрынғы әскери бункерде орналасқан күзетілетін Харо компаниясының серверінде сақтаулы тұр. Бұл көлемдегі криптовалютаның құны 10 миллиард долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасап.

«Бұл төрт жыл ішінде Хародағы депозиттер көлемі АҚШ-тың 5670 банкінің 98 пайызындағы шоттардан асып түсті деген сөз», – деп жазады басылым.

Бункерде биткоин қауіпсіз жерде сақтаулы, өйткені криптовалюта офлайн режимде сақталған, бұл оның ұрлануына жол бермейді.

Өз биткоинін сақталған орнынан алу үшін Хароның клиеттері екі күнін жоғалтады – бұл уақытта компания клиенттің жеке басын, криптовалютаны аударуға жіберген өтінішінің шын-өтірігін тексереді. Сосын Харо транзакцияға қолды бункердің әр локациясында жатқан жасырын кілт арқылы қояды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *