Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылды

Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылып жатыр.

Орындықтар арқылы тұрғындар телефонын сымсыз қуаттай алады. Бұл «Ақылды қала» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалардың бірі. Цифрлық ноу-хау адамдар көп жүретін басты және орталық алаңдарға қойылған. «Ерекше» орындықтар емен ағашынан жасалған. Сондықтан да жауын-шашын мен аптап ыстықта бүлінбейді.

Тағы бір артықшылығы – күн сәулесінен қуат алады. Аялдау орны әсіресе жастардың көптеп жиналатын жеріне айналды.

«Қаланың орталық алаңдарында 4 smart – орындық орнатылды. Олар тегін Wi-Fi да таратады. Енді тұрғындар көшеде серуендеп қана қоймай, ұялы телефондарын қуаттай алады», – дейді қалалық әкімдік бөлімінің бас маманы Асхат Рамазанов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *