Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасын орындау үшін жаңа компания құрылады

ҚР-дағы жаңа тұрғын үй бағдарламасымен «Баспана» ипотекалық компаниясы АҚ айналысады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Парламент палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен отырысы барысында 5 наурызда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «7-20-25. Әр отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» атты Бағдарламасы шеңберінде Ұлттық Банктің еншілес ұйымын акционерлік қоғам нысанында құру көзделген, ол Бағдарлама операторы болады. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 85 қаулысымен акционерлік қоғам нысанында ипотекалық компания құру туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Жаңа құрылатын ипотекалық компанияның қызметі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, қазақстандықтан мына телефондарға хабарласа алады: +7 (727) 330-24-86, +7 (727) 2704-591, ішкі тел. 3953.

Сондай-ақ Facebook-те Ұлттық Банктің «ҚР Ұлттық Банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді» парақшасында сұрақ қоюларыңызға болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *