Израильдік Opgal қазақстандық бронетехника үшін электроптиканы жаңаламақ

Израильдік Opgal компаниясы KADEX-2018 көрмесі аясында қазақстандық Semey Engeenerıng арада бронетехника үшін электроптиканы жаңалау туралы меморандумға қол қоймақ.

«Сонымен қатар біз жергілікті компаниялар үшін жұмыс орындарын қамтамасыз етеміз және жаңа батыстық технологияларды ұсынамыз», – деді «Интерфакс-Қазақстанға» Opgal сату жөніндегі директоры Мики Марголин қару-жараққа арналған KADEX-2018 көрмесі аясында.

«Көрме ойымыздан шықты, әрине, одан да көбірек нәтижеге қол жеткізгіміз келеді. Әріптесіміз SE Engeenerıng арқылы мұнда бизнес-контакті болды. Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігімен кездестік. Мұнда келгендегі мақсатымыз сол болатын және көрмеге қатысу еді. Мақсатымыз орындалды деп санаймын», – деп атап өтті Мики Марголин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *