Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда өзін-өзі өртемек болған әйелдің қазіргі жағдайын айтты

376

Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы тұрақталды. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Әйелдің жағдайы тұрақтанған. Ол комбустиология бөлімінде стационарлық ем алып жатыр, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан. Еске салсақ, 11 сәуірде қаржы пирамидасының салымшысы Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Қаржы пирамидасы: Өзін-өзі өртемек болған әйел жансақтау бөлімінде жатыр Сәуірдің 13-і күні ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты. Өзін-өзі өртеген қаржы пирамидасының салымшысына қатысты ҚР ІІМ түсініктеме берді