Кедейлікке апаратын 5 қателік

343
  1. Өз шығындарын білмеу және кіріс-шығысты есептемеу

Ақша — бұл сандар. Егер сіз қанша ақша табатындығыңызды, жұмсағаныңызды, жинақтауды, инвестиция салуды білмесеңіз, сізге капиталды көбейту және бай болу өте қиын болады.

  1. Тапқанның бәрін жұмсау

Миллиондаған ақша табатын, бірақ әр тиынын орынды жұмсайтын адамдар бар. Ал 100-200 мың теңге жалақы немесе одан көп алса да қаражаттың бір бөлігін жинақтауды білмейтіндер көп. Айлықтың 10-20%-ын жинау — бұл өте пайдалы әдет. Жинақтай білу табыс деңгейіне байланысты болмауы тиіс.

  1. Кедей адамдардың қаржылық кеңестерін тыңдау

Сізден әлдеқайда көп ақша табатындарды тыңдаңыз. Себебі олардар қаржы мәселесінде  үйренеріңіз үнемі көп болады. Ал табысы сізден аз адамның ой-өрісі де басқа деңгейде. Соны ескеріңіз. Бірақ адами қалыптан аттамау қажет.

  1. Заттарды несиеге сатып алу

Ақылды шешім — алдымен активті құру немесе сатып алу. Осыдан кейін, пассивті табыспен қалағаныңызды сатып алыңыз. Бүгінгі күннің ең алдамшы тұсы қалағана затыңды несиеге алу. Алайда бұл дегеніміз адам өз болашағынан қарызға алды. Өз уақытын тәуелді етті дегеніміз. Аса қатты қажеттілік туындамаса несиеге ақша, тауар немес тағы басқа зат алмау керек.

  1. Білім алуға қаражат жұмсамау

Үнемі ең жақсы бағдарламалар, кітаптар және өзіңізді тәрбиелеудің, дамытудың басқа жолдарын іздеңіз. Мұнсыз капиталды құру және қаржылық тәуелсіздікке жету мүмкін емес.