Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

Жаңа жылдық мейрам күндері мерекелік шаралар өткізілетін алаңдарға Астана тұрғындары мен қонақтардың еш қиындықсыз және ыңғайлы жетуіне сапалы қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі кей бағыттарда қоғамдық көлік санын арттырды.

«Негізінен 30-31 желтоқсан күндері мына бағыттар бойынша автобустар саны артады № 2,5,7,8,9,10,12,19,31,33,37,40,51,71; ал 2018 жылдың 2 қаңтарында мына бағыттар бойынша № 9,10,12,31,37,40,51», — деп хабарлады «Астана LRT».

Осы бағыттар Жаңа жылдық шаралар өткізілетін сауда орындары, мұз айдыны, мәдени ошақтар және басқада нысандарға қатынайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *