-16 C
Нур-Султан
Среда, 19 января, 2022
Домой Блог Страница 2

Ауыл шаруашылығы саласы үлкен дау-дамайға қалды

Фото: tarlan.kz

Соңғы жылдары саланы дамытуға қазынадан жұмсалған орасан көп қаржыдан қайыр болмай тұр. Нәтиже көрінбейді. Ал бөлініп келген қаржы ауыл шаруашылығын осы күнге дейін адам танымастай етіп көркейтіп жіберуге жетерлік болатын. Мал өсіру мен егін баптаудың және қайта өңдеудің озық технологияларының түр-түрін енгізуге болатын уақыт босқа өтті деуге болады. Ал есесіне қыруар қаржы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты дамытуға қызмет етті. Ақыры ауыл шарпушылығы саласы мемлекеттің сенімінен шықты. Салада оңған іс жоқ, бюджеттің беріп келген қаржысы желге ұшқанмен тең болды.

Жақында бұл проблема жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі сөз етті. Президент диқандар мен шаруаларға және өндірістік кооперативтерге субсидия бөлудегі келеңсіздіктерді қатаң сынға алды. Тіпті ол осыншама уақыт бойы ауыл шаруашылығын субсидиялау ойдағыдай жүзеге аспады дегенге келтірді.

Агросаланы субсидиялау үшін соңғы 5 жылда 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген екен. Бірақ өніп жатқан жұмыс жоқ. Бюджет қаражатына бақылау да босаңсып келген. Осының салдарынан ауыл шаруашылығында экономикалық тиімділік болмады деуге келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке прокуратурамен және басқа да органдармен бірге бұл салаға кешенді сараптама жасауды тапсырдым. Оған қоғамды және шаруалардың өзін тарту керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң іле-шала тексеру басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов аграрлық секторға бөлінген қомақты қаржының босқа кеткенін айтты. Ол қылмыстық схемалар мен ұрлықтың жасырын түрлері енді тергеу объектісі болатынын жеткізді.

Соңғы 5 жылдың ішінде 465 миллиард теңге  мал шаруашылығын дамытуға бөлініпті. Бұл ақша Қазақстанды ет экспорттаушысына айналдыру, жұмыс орындарын құру, жемшөп өндіретін алаңдар құру сынды маңызды жұмыстарға арналуы тиіс болатын. «Бірақ, өкінішке қарай, бізде импорт 62 пайызға өсті. Яғни біз қомақты қаржыны босқа жібердік. Олар экономика үшін жұмыс істемеді» – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы.

Оның пікірінше, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар  ұрланған. Енді осы қолды болған қаржылардың ізі тексеріледі.

Марат Ахметжанов жеке адамдар контрабандалық жолмен пайда көрмек болғанын айтты. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Осы күні ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын сыбайлас жемқорлық схемалары әшкереленді. Негізінен, субсидиялау ережелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толы екені белгілі болды. Субсидиялардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жоқ. Мұндай тәсілдер ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтыны айтыла бастады.

Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелген екен. Қылмыстық жауапкершілікке 450 адам тартылған. Ауыл шаруашылығындағы құрылыс, құрал-жабдықтар мен техника сатып алу шығындарының 80 пайызы инвестициялық субсидиялардың есебінен болды. Мәселен, бес жылда жайылымдарды суару үшін 21 миллиард теңгеден астам қаржы төленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының айтуынша, бұл көмек шаруаларға ешқандай пайдасын бермейді, тек алаяқтар мен жемқор шенеуніктердің қылмыстық жолмен баю тәсіліне айналған. Субсидия алуға дерекқордағы өтінімдер фермерлер атынан олардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы беріледі. Сотталушылардың бірін тінту кезінде 500-ге жуық шетелдік электронды қолтаңба табылыпты. Ол басқа адамдармен бірлесе отырып, 120 шаруа қожалығының атынан жалған қағаздарға алаяқтық жолмен қол қойып, солардың есепшоттары арқылы ақша жіберген. Осыған ұқсас қылмыстар барлық өңірлерде дерлік бар көрінеді. Мамандар мұндай қылмыстың кесірінен субсидиялар желге кетіп жатқанын айтуда.

Мемлекеттің ақшасын алаяқтық жолмен ұрлап келгендер енді заң алдында жауап беретін болды. Өкінішті. Егер тәртіп пен жанашырлық болса, ауыл шаруашылығы дамудың даңғыл жолына түскен болар еді. Әлі де кеш емес. Ауыл шаруашылығына серпіліс жасалса нұр үстіне нұр. Экономикамыз бен әл-ауқатымыздың бір ұстыны осы ауыл шаруашылығы емес пе?

Миллиондаған тонна астық өндіргенімізбен нан қымбат

Фото: profile.ru

Қазақстан халқы бағаның өсуіне үйреніп қалған ба дерсіз. Баға қаншалықты өсіп жатқанымен тұтынушылықтың төмендегені байқалмайды. Ал ақшаның құны түсуде, инфляция тұрақтамай тұр. Мұның соңы неге апарып ұрындырары белгісіз. Сарапшылардың кейбірі біздегі бағаның құбылмалы болуы көршіміз Ресейдің нарығындағы бағамен байланысты дегенді айтады.

Қалай болғанда да, соңғы уақытта бағаның өсуі үдеп барады. Ал алдымызда жаңа жыл келе жатыр. Әдетте жаңа жылдың басында бағаның бір дүркін өсіп қалуы бұлжымас үрдіске айналған. Соған қарағанда баға тағы өспей тұрмас.

Осы күні сұйық газдың күрт қымбаттағаны жақсы болмай тұр. Қыстың көзі қырауда мұның қалтадан қағатыны тағы бар. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында осыдан бірнеше күн бұрын газдың құны  бір-ақ түнде аспандап шыға келді. Газдың құны бензинмен теңесіп, немесе асып түсуде. Оның литрі  130 теңге шықты. 1,5 ай ішінде газдың бағасы 52 теңгеге қымбаттап тұр. Ал бұл баға өте жоғары емес пе?  Жағдайы келмегендер газбен қош айтысуы мүмкін ғой. Энергетиктер бағаның әрі қарай да қымбаттай беретінін алға тартады.

Негізі еліміздің солтүстік өңірінде наннан бастап бәрі қымбаттап жатыр. Солярка мен бензиннен қалмай газ да жағаласып кетті.  Қыркүйекте ғана газдың бағасы 78 теңге болатын. Бір айта кетерлігі, баға әр өңірде әр түрлі. Көкшетауда газдың бағасы әзірге көтеріле қоймаған көрінеді. Осындай түсініксіз жағдайға тап болдық. Газ Семейде де қымбаттап кетті. Өзге өңірлерде де өсіп жатыр.

Үкімет биылғы наурыздан бастап газдың бағасын еркін айналымға жіберген. Осыдан кейін  баға бақылаусыз қалды. Энергетиктер алдағы желтоқсан айында газ бағасы тағы да өсетінін ашық айтып отыр.

Әсіресе нанның қымбаттағанына жол болсын. Соңғы уақытта нанның бағасы өңмеңдеп өсіп келеді.  Ахуалдың бұлай болуы барлық өңірлерге тән. Мысалы, Атырауда бұған дейін 100 теңгеден сатылған нан дүкендерде 110-115 теңгеден сатылып жатыр. Көпбалалы отбасылар нан бағасының өскенін сезінбей тұрмасы белгілі ғой. Ұн да қымбаттаған. Бұған дейін 4620 теңге тұратын 25 келі ұн осы күнде 5100 теңгеге шықты. Айырмасы 480 теңге. Енді наубайханаларға да қысылтаяң күн туды. Кейбірі жабылуға жақын тұр. Өйткені ұн қымбат, май, қант, газ да қымбат. Наубайхананың пешін істетудің өзі қалта көтермейтін жағдайға жетті. Ал пешті істетсе нанның өзіндік құны өспегенде қайтеді.

Ет қымбаттап жатыр. Оның бағасын ұстап тұруға ешкімнің шамасы жетпейді. Себебі жаз айларында құрғақшылық болды, мал азығы тапшы әрі қымбат. Еттің келісі 3 мың теңге дегенді ел осы күні ғана көріп отыр.

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы шарықтауы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, қордағы бұрын сатып алынған өнім көлемі таусылса, тоқтаусыз өскен бағаны ауыздықтау қиын болады. Ал бағаның төмендеуі ешбір өңірде байқалмайды. Көкөністің құны да шарықтап кеткен. Жыл басынан бері сәбіздің бағасы 40,7 пайызға, қырыққабат 25,7, картоп 21,2, пияз 19,5, күнбағыс майы 29,4, қант 13 пайызға көтерілген. Әдетте күзде көкөністің қымбаттауы бұрын-соңды болған емес.

Осылайша, баға жан-жақтан қысып бағуда. Миллиондаған тонна астық өндіргенімізбен нан қымбат. Жанар-жағармай өзімізден, бірақ баға шарықтады. Мұның себебін түсіну оңай емес. Мүмкін үкіметтің бір ішкі есебі бар шығар. Бағаны шет елдермен теңестірейік дей ме екен… Ал оның тиімділігі қандай болуы мүмкін екені тағы түсініксіз. Бағаның өсуіне сәйкес, халықтың табысы еселеп артып жатса бір жөн.

Итің мен мысығыңа балаңдай қара 

Фото: amurmedia.ru

Тұрғындардың ит пен мысық ұстауына тыйым жоқ, ол әркімнің өз еркі. Жер үйлерде ғана емес, осы күні тіпті секциялық пәтерлерде де үй жануарын ұстайтындар көп. Бірақ сол үй жануарларының қараусыз болуы немесе қаңғыбасқа айналып көшелерде шұбап жүруі мемлекет үшін үлкен проблемаға айналған. Санитарлық нормаға сәйкес күтіп ұсталмаған жануар ауру таратады. Ондай жануарлар жабайыға айналады да топтанып, көшедегі адамдарға тап береді. Талай адамның талауға түскен мысалдары да жетерлік.

Қазақстан қалаларында қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбейгені сонша, жылына шамамен 350 мыңдайының көзін жойып отыруға тура келеді. Бұл үшін мемлекет жыл сайын жүздеген миллион теңге шығындайды. Тіпті 2017 жылғы шығын миллиард теңгеге шыққан. Қалаларда қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша паналататын мекемелер құрылды. Оларға қаңғыбас жануарлар сыймаған соң бірнеше күн ғана ұстайды. Иесі келмеген соң көзі жойылады. Сол уақытша ұсталатын жануарлардың тамағы мен ем-домы үшін, мысалы, бір Нұр-Сұлтан айына миллион теңге қарышталып отырған.

Иттері мен мысықтары қаңғып жүретін тұрғындарға осы күнге дейін талай шара көріліп келгенімен нәтиже жоқ. Осыны ескерген Парламент Мәжілісінің депутаттары қараусыз, күтімсіз үй жануарларының иелеріне аямай айыппұл салу  мәселесін жақында ғана қайта көтерді. Бастамашысы – Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының тізімімен сайланған депутат Гүлдара Нұрымова. Шыны керек, бұл өте орынды бастама. Қазіргі күндері жаңа заң жобасы халық қалаулыларының талқысына түсіп жатыр. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының нормаларына сәйкес, үй жануарының қожайыны көппәтерлі үйде тұрудың барлық санитарлық-гигиеналық талаптарын орындауы тиіс. Бұл талаптар бұзылған жағдайда 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Бұл норма ҚР Әкімшілік құқық кодексінің 407-2 бабының төңірегінде қарастырылды. Алдымен 10 айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл салынады. Ал қайталанса айыппұл 20 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады. Бір айлық есептік көрсеткіш осы күні 3063 теңгеге тең. Бұл аса үлкен сома болып та шықпайды. Соған қарағанда нәтижесі де кемшін түсуі мүмкін-ау. 100 және 200 айлық есептік көрсеткіш деңгейі қойылса бір жөн болар еді. Тұрғындар сонда жауапкершілікті тереңірек сезінер ме еді. Сезінбегендіктен олар иттер мен мысықтарды қос-қосынан ұстайды, бірақ бұл үшін санитарлық талап жайлы түсініктері шамалы. Сондықтан қалаларда қараусыз, күтімсіз ауру-сырқау иттер мен мысықтар қаптап кеткен. Жануарлар нағыз инфекцияның ошағына айналды.

Өткен жылы да депутаттар үй жануарларына қатысты заң жобасын мақұлдаған еді. Ол жолы тұрғындардың ит, мысық, тотықұс және асыранды тышқан етін жеуіне тыйым салатын норма қабылданған. Соған қарағанда үй жануарларын сойып жейтіндер болған ғой. Қалалардағы қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған уақытша паналату мекемесінен бөтен жануарды сұрап алғандардың ішінде үйіне апарып сойып жегендер болған екен. Заң жобасы сондай оқиғадан кейін талқыға түскен еді. Ол заң бойынша ит, мысық, тотықұс немесе тышқан сойып жеген адам 200 айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл төлейді немесе 50 күнге түрмеге жабылады.

Ел ішінде үй жануарларын азаптап өлтіретін адамдар да кездеседі. Ондайлар үшін жаза Қылмыстық кодекстің 276-бабында қаралған. 100-ден 200-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл төлейді немесе бір жылға қамалады. Ал егер бірнеше адам сөз байласып, үй жануарын бірге азаптап өлтірсе, онда әрқайсысына 500-ден 800-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл салынады немесе әрқайсысы екі жылға қамалады.

Шет елдердің заңы бұдан да қатал. Сондықтан болар, Бельгия, Дания, Финляндия, Германия, Нидерланды, Норвегия, Швеция және Швейцария сынды елдерде бір де бір үйсіз-күйсіз, жағдайсыз ит немесе мысық жоқ. Нидерландыда үй жануары үшін төленетін салық өте жоғары соманы құрайды. Ал кімде-кім өзінің үй жануарының жағдайын жасамаса немесе санитарлық талаптарға сай ұстамаса үш жылға қамалады. Жаңа Зеландияның заңында үй жануарлары адам дәрежесіндегі саналы мақұлық деп саналады. Германияда үй жануарларының құқығы Конституциямен қорғалған. Бұл елде 20 жылдан бері мектеп бағдарламасында үй жануарларын қорғау сабағы оқытылады.  Италияда итіне немесе мысығына қарамай қойған адам 10 мың евро айыппұл төлейді немесе бір жыл түрмеде отырады. Түркияда итті күніне үш рет серуендету міндетті. Оны орындамаған адам 500 евро айыппұл төлейді. Түркияда ит пен мысық елдің мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған.

Орыс әдебиетінің классигі Лев Толстой бір сөзінде «Жануарларға нашар қарайтын мемлекет кедейлік пен қылмыстан көз ашпайды» деген екен. Не деген көреген десеңізші. Ит пен мысықтың қарғысына қалып жүрмейік.

«Ұрпағымыз дені сау болып туылсын»

Фото: kursiv.kz

Бұлақтар мен өзен-көлдер табиғатымыздың көркі ғана емес, өлшеусіз  байлығы. Тас пен құм қазып алып жатқан немесе зауыт саламын деген кәсіпкерлер су жолдарын бітеп, өңірлерді экологиялық апатқа ұрындырудың сәл-ақ алдында тұр.

Түркістан облысының Түлкібас ауданында тау-тастың арасында қайталанып жатқан жарылыстан бұлақтар тартылып, тұрғындар шаң-тозаңнан көз аша алмай қалған көрінеді. Бұл маңға химиялық зауыт салынбақ екен. Ауданға қарасты алты ауылдың тұрғындары химиялық зауыттың салынуына үзілді-кесілді қарсы. Олар өздерінің талаптарын төтесінен қойып, зауыттың техникаларын жүргізбей қойды. Әрине, кім уланып өмір сүргісі келсін.

Тұрғындардың уәжі – ұрпағымыз дені сау болып туылсын, табиғатымызды зауытпен бүлдіре алмаймыз дейді. Жөн-ақ. Тұрғындардың бірсыпырасы болашақ зауыт қожайынының спорт кешенін салып береміз, жолдарыңызды асфальттаймыз дегеніне қарсы. Ештеңе салып бермей-ақ қойсын, ауылымыздан аулақ жүрсін дейді. Ал ауданның әкімдігі халыққа әзірге зауыт салынып жатқан жоқ қой, тек жобасы жасалып жатыр дейтін көрінеді

Бұл аумақта карьер қазатындар да бар екен. Оның да зияны шаш-етектен. Бұлақтардың көзін бітеп тастайды. Тұрғындар карьерлердің жұмысын тоқтатуға қолымыз жетсе ғой, шіркін деумен келеді. Карьерлерді әкімдіктің өзі де құрта алмай отыр екен. Әкімдік карьерді тоқтату жайлы жоғары жаққа шағым беріп жатқан көрінеді.

Тұрғындар бұған дейін бірнеше рет ауданға, облысқа арызданған болып шықты. Бірақ нәтиже жоқ. Енді олар тағы да дау шығарып, далаға жиналып, петицияға қол қоюға көшті. Шыны керек, химиялық зауыт қымбат па, әлде қоршаған ортаның амандығы қымбат па деген сауал қойылса өз басым екіншісіне ден қояр едім. Табиғатымыз бен өзен-бұлақтарымыздың байлығына байлық жетпейді емес пе?

Экологиялық апатқа бейім тұрған осы сияқты аумақтар аз емес. Сол Түркістан облысының Келес ауданы да қоршаған ортаға алаңдаумен күн кешіп келеді. Өйткені ауданның Ақтөбе ауылдық округіне қарасты 14 елді мекеннің тұрғындары бірнеше жылдан кейін сусыз қалуы мүмкін. Бұған  Келес өзенінің жағалауларын күндіз-түні қазып, түбінен шыққан тасты тонналап сатып жатқан жеке кәсіпкерлердің әрекеті себепкер.

Ауыл округінің маңайында биылғы көктемге дейін 7 карьер болған. Бір «КамАЗ» тасты 20 мың теңгеден сатады. Тұрғындардың айтуынша карьерлер түнімен тоқтамай жұмыс істейді. Бір түнде 300 «КамАз» тас қазылып жатады. Тасты қазу 10 жылдан бері тоқтамаған көрінеді. Содан бері судың деңгейі 5 метрге дейін төмендепті. Себебі тасты қазудың салдарынан жер астындағы бұлақтардың көзі бітеліп жатыр.

Ал табиғатта тепе-теңдік бұзылмауы керек. Мамандар жағадағы тастың алынуы судың жер астына жайылуына әсер ететінін айтады. Соның салдарынан су көлемі азайып, бұлақтар тартылып, жер қыртысы бүлінеді. Карьерден тас пен құмды тонналап алғаннан кейін, олардың орны босап, тура соның аумағындай жер тесіліп қалады. Экологиялық стандарт бойынша карьерлерді 30 метрге дейін ғана қазуға рұқсат берілген көрінеді. Бірақ жеке кәсіпкерлер 100 метрге дейін қазып, жерасты суына дейін үңгіп барады. Жерасты суы мен өзен немесе көл қосылған соң, су құрамы өзгеріске ұшырайды, тығыздық бұзылады деп жатады.

Осындай проблема өзге өңірлерде де кездеседі. Түркістан облысының Төле би, Қазығұрт аудандарының тұрғындары да карьер атаулыдан зәрезеп күйге жеткен.

Осылайша, Түлкібас ауданының тұрғындары іргесіне химиялық зауыт салдырғысы жоқ. Негізі таулы, орман-тоғайлы әрі бұлағы көп әсем табиғатты бүлдірудің өзі біздің еліміздегі экологиялық мәдениеттің деңгейін көрсетсе керек. Тау-тасты жерлер мен өзен-көлдерді ғана емес, жазықтарды да көздің қарашығындай сақтасақ қанеки.

Түркияда өтетін фестиваль «Томирис» фильмімен ашылады

2021 жылы қарашаның 8-12 аралығында Ыстанбұлда өтетін Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінің ашылу салтанатында «Томирис» көркем фильмі көрсетіледі. Бұл туралы кинотуындының режиссері Ақан Сатаев өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

Айта кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Sataifilm  компаниясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қазақстандық туынды биыл қыркүйек айында Түркияда прокатқа шығып, 200-ден астам кинотеатрда көрсетілген болатын.

Түркияда алғаш рет өткізіліп отырған Korkut Ata кинофестивалінде биыл 13 елден барлығы 42 кинотуынды қатысады. Фестиваль шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан сынды Түркі әлемі елдерінің киногерлері түрлі жанрда, соның ішінде тарихи, фантастика, деректі және анимация  жанрында түсірілген үздік туындыларын ұсынатын болады.

Еліміздің атынан аталған фестивальге бірнеше фильмдер қатысады. Фестивальдің басты байқауларының бірі – көркем фильмдер бағдарламасында Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» көркем фильмі, ал деректі фильмдер байқауында режиссер Бақыт Қайырбековтың «Құтыда жанған алау» фильмі бақ сынайды. Ал анимациялық фильмдер байқауында Адай Әбелдиновтың «Күлтегін» тарихи толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі.

Сонымен қатар, фестивальдің тарихи туындыларына арналған бағдарламасында Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі көрсетілсе, ал «Заманауи фантастика» байқауында көрермендерге «Бегарс Елубайдың «Оазис» фильмі ұсынылатын болады.

Түркияда өтетін фестивальге Қазақстанның халық артисі Асаналі Әшімов, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, киностудияның өндіріс бойынша вице-президенті Айдар Баталов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕҚ Бас продюсері Адай Әбілдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Айтжанов, актрисалар Альмира Тұрсын және Аружан Жазылбекова, режиссер Нұрғиса Әлмұрат, продюсер Нұрлан Қоянбаев және басқалары қатысатындары белгілі болды.

Әйелдер мен қыздарға арналған вагондар жайлы не білеміз

almaty.tv

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы тек қана әйелдер мен қыздар және жеті жасқа дейінгі ұлдарға арналған купе вагондарын қалааралық бағытқа салды. Әзірге ондай вагондар «Алматы — Маңғыстау» және «Алматы – Өскемен» бағыттарында жүріп жатыр. Билет сату 10 қазаннан басталды. Әйелдерге арналған купе вагондарының реттік саны – оныншы. Жол билетін электронды түрде алған кезде ерлер мұқият болуы керек. Әйелдер вагонында «ЖН» деген белгі болады. Оны аңдамай, ер адамның сол вагоннан электрондық билет алған бірлі-екілі жағдайы болды. Бірақ вагонға кірген ер адам күллі әйелдердің ішінде сапарлады. Әйелдер вагонының жолсеріктері де міндетті түрде тәжірибелі әйелдер. Олар ер адамдардың онлайн-билет аларда мұқият болуын сұрайды.

Алғашқы рейсте әйелдер вагондары 90 пайызға толғанын айтады. 92 билет сатылыпты. Сұраныс артса, желтоқсан айының ортасында басқа теміржол бағыттарында да әйелдер вагондары іске қосылуы мүмкін. Ал егер әйелдерге арналған вагон аздық етсе, қосымша вагондар қарастырылмақ.

Әйелдер вагондарын бағыттарға салмас бұрын жолаушылар арасында әлеуметтік сауалнама да жүргізілген. Әрине, бұл бастама кеңінен қолдау тапқан.

Алысқа сапар шегу оңай шаруа емес. Әдетте тар вагондарда әйелдер мен ерлер мидай араласып, иық тіресе сеңдей соғылысып жүретініне көз үйренген. Киім ауыстыру, алаңсыз ұйықтау кезінде қолайсыздық туындап жатады. Ал арнайы әйелдер вагоны деген жақсы болса керек. Ештеңеден қымсынбай емін-еркін сапарлайды әрі бұл қауіпсіз.

Шыны керек, әйелдерге арналған вагонның болуы өте дұрыс қой. Оқушы жастар, студенттер, жалпы, әйелдердің жол сапарлары қауіпсіз болғанына не жетсін.

Қауіпсіз демекші, Қазақстанда әйелдерге арналған вагондардың пайда болуы өткен жылы «Петропавл-Алматы» бағытындағы Тальго пойызында жолаушының жас қызды зорламақ болған оқиғасымен байланысты. Осыдан кейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы әйелдердің қауіпсіздігі мәселесі туралы ойлана бастаған. Ал жас қызды зорламақ болған адам істі болып кетті.

Басында «Қазақстан темір жолы» компаниясы арнайы әйелдер вагонын шығаруға жүрексінген еді. Келтірген уәждеріне қарағанда, бір вагонның құны 1 миллион АҚШ доллары тұрады екен. Жай ғана әйелдер купесін дайындайық деген ой басым болды. Ал жеме-жемге келгенде тұтастай вагонның тек әйелдерге арнағаны тиімді болатынына көздерін жеткізді.

Тек қана әйелдерге арналған вагондар бұдан бес-алты жыл бұрын Тайландта пайда болған еді. Ол елде темір жол қызметкерлері 13 жасар қызды зорлап, соңынан өлтірген болатын. Сол оқиғадан кейін Тайландтың темір жол бағыттарына арнайы әйелдер вагондары тіркеле бастады. Ондай вагондар осы күні де әйелдерге қызмет етіп келеді. Оларда әйелмен бірге оның он жасқа дейінгі ұл баласы сапарлауы мүмкін. Ұл балаға қойылатын талап – оның бойы 150 сантиметрден аспауы керек.

Әйелдердің қауіпсіздігі барлық елдер үшін өте керек нәрсе. Мысалы Түркияда тек қана әйелдерге арналған жағажайлар бар. Ол маңға ер адамды жолатпайды. Түріктер әйелдердің сұқ көздерден таса болуына және қалаған киімдерін киюіне осылай жағдай жасаған.

Жалпы алғанда, әйелдердің жол жүрудегі қауіпсіздігі көз жұма қарайтын жай нәрсе емес. Қызмет көрсетудің басқа түрлеріне де біртіндеп әйелдердің қауіпсіздігіне бағытталған жаңа жобалар енгізілетін болса керек.

Ұрылар малды жайылымда жүрген жерінен сойып әкетуде

Фото: azh.kz

Естімеген елде көп, ұрылар енді малды жайылымда жүрген жерінен сойып алатын болыпты. Осы күнге дейін малды айдап әкетуші еді, немесе атып, өлігін тиеп алатын. Мал ұрлығының жаңаша түрі Түркістан облысында пайда болды. Ет дегенде бет бар ма демекші, Созақ ауданының тұрғыны өз жайымен бос жүрген бөтен жылқыны ұстап алып бауыздаған. Сөйтіп, қолын қол, аяғын аяқ етіп жіліктеген соң жеңіл көлігіне салып әкеткен.

Көптен бері қызылсырап қалған ба кім білсін, түнде пышағы мен асай-мүсейін алып, елдің сыртындағы жазыққа беттеген. Жазықтағы қамсыз жүрген жануардың үйіріне таяп келіп, біріне арқаннан құрық салған екен. Бейшара мал мойнына түскен арқаннан құтыла алмай пышаққа ілінген.

Ал егесі жылқысын іздеп таппаған. Елге хабар бергенімен көрген-білген адам болмаған. Не қарасы, не ізі жоқ жануардың айдалада бас-сирақтары мен ішек-шабағы шашылып қалыпты. Егесі соны тауып, малының орнын сипап қалған. Сонымен қайда барсын, полицияға барған. Полиция да аң-таң. Малды жайылымнан түнде сойып әкетіпті дегенді бұрын-соңды кім естіп көріпті.

Ақыры ұры ұсталды. Сырттан келген жау жоқ, сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Көлігіндегі арқан және басқа белгілер сараптамадан өткізіліп, жылқыны ұстап алып сойып әкеткені дәлелін тапты. Сойып әкеткен жылқының құны 700 мың теңге екен. Іс бойынша соттың қандай жаза тағайындайтыны әзірге белгісіз.

Оңай олжа табамын деген ұрының тәжірибесі жоқ болса керек. Ізін жасырып кетуді білмегендіктен оп-оңай қолға түскен. Есесіне бұл жағдай өзге ұрыларға ой салып отыр.

Бір қызығы табиғаттағы қабанның құны да 700 мың теңге көрінеді. Сол Түркістан облысының Түлкібас ауданында жабайы қабанды сойып алған адам үш жарым жылға қамалды. Іс материалында «Мемлекетке келтірілген шығын 700 мың теңге» деп көрсетілген. Демек, қабанның құны жылқының құнымен тең. Полицейлер әлгі қасаптың ізін суытпай, қабанның тұтас етін тәркілеген. Ұры қабанды жеп те үлгермепті.

Негізінен, мал ұрлығы деген барлық өңірде өршіп тұр.  Мысалы, Қызылорда облысында малдың өрістен қайтпай, үшті-күйлі жоғалуы үйреншікті жағдай. Сондықтан бұл өңірде «Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлауға қарсы іс-қимылдың жол картасы» деген құжат қабылданған. Сол бойынша тас жолдарда корапты көліктерге күнде тексеру жүргізіліп отырады. Соның өзінде мал ұрлығы ешбір тыйылмаған.

Елді титықтатқан ұрыларды ұстауға тұрғындар да көмектесіп жатыр. Адамдар полиция инспекторлары мен ауыл әкімдеріне ілесіп, барымташыларды аңдуға шығатын болған.

Қызылорда облысында ұрылар қылмыс үстінде тұзаққа түскенімен, мал иесімен мәмілеге келетін жағдай жиі болушы еді. Сөйтіп олар жазадан құтылған соң көп ұзамай баяғы мал ұрлау кәсібіне қайта бас ұратын болған. Ал осы күні  Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа бап бойынша ұрылар мал иелерімен мәміле жасай алмайтын көрінеді. Қылмыстық кодекске 2020 жылдың қазан айынан бастап енгізілген жаңа бап бойынша екі жақтың мәмілелесуіне мүмкіндік жоқ. Міндетті түрде іс қозғалады.

Негізі малдың қараусыз жүруі тек біздің елімізде ғана бар болар. Ортадан малшы шығарып, ауыл болып оған жалақы төлейтін ауылдар бүгінде жоқ. Қараусыз мал тіпті қалалардың көшелеріне де кіріп, қоқыс контейнерлерін жағалап жүреді.

Созақтағы қызылсыраған адам сияқтылар болып жатса, олар үшін босып жүрген мал көп. Шетінен ұстап ал да, сойып жей бер. Қараусыз мал көздің жауы. Ал бақылауы мықты болса, мал оңайлықпен қолды болмайды ғой. Ендеше, өз малымызға өзіміз ие болайық.

4 эффективных способов победить чувство вины

1. Ищите доказательства невиновности
Если вы чувствуете вину, потому что делаете недостаточно для ваших близких, домочадцев и кого-либо ещё, запишите те вещи, которые вы регулярно для них совершаете. Это могут быть даже небольшие поступки, например чашка кофе с утра или несколько добрых слов. Вы в любом случае тратите на них свою энергию.
2. Поговорите с источником вины
Спросите людей, которыми, как вам кажется, вы пренебрегаете, об их чувствах. Не исключено, что все их возможные претензии — лишь плод вашего разума.
3. Цените себя и всё, что вы делаете
Возьмите за правило в конце дня записывать хотя бы три своих достижения: например, что вы сделали для других или для того, чтобы добиться собственной цели. В конце каждой недели зачитывайте эти списки.
4. Боритесь с чёрно-белым мышлением
В жизни между чёрным и белым есть ещё масса серых оттенков, которые люди с завышенным чувством вины просто игнорируют.

Источник: 25-й час

Успешные женщины Алматы проводят бесплатные мастер-классы

Динара Жолдасова

В Алматы успешные женщины проводят бесплатные мастер-классы для жительниц города. «АЯУЛЫ ЖАН» – проект, созданный женщинами для женщин. Он направлен на освещение современных вопросов, во всех сферах жизни от лица представительниц прекрасного пола. Это проект о вдохновении сильными женщинами, которые достигли успеха в различных сферах жизнедеятельности как бизнес, государственное управление, общественная деятельность, журналистика, наука и кино. В рамках проекта проводятся различные мастер-классы для передачи женщинам города опыта и обучения их основам лидерства.

В рамках проекта запланированы 33 различных мастер-класса с участием квалифицированных специалистов и со спикерами-женщинами, как Булава Полина — телеведущая, тренер своего голоса, Динара Жолдасова Махмуткызы – Мисс АТУ-2017, основательница бренда «Dinara Cosmetics», экс-руководитель модельного агентства «TAINA MODELS», а также основатель бренда «COLAB EVENTS».

Проект продолжает развиваться и охватывает все большее количество женщин, показывая, что и они могут изменить свою жизнь, добиться успеха в своей сфере и покорять все больше высот.

Парақорлық қанға сіңіп барады

Фото: nur.kz

Парақорлықтың деректеріне қарап отырсаңыз құса күйге түсесіз. Өйткені парақорлық кең етек жайған, таяқ тастасаңыз жемқорға барып тиеді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тіпті еліміздегі параның орташа мөлшерінің статистикасын есептеп шығарыпты. Шенеуніктердің алып жүрген парасы орта есеппен 1 миллион 200 мың теңге екен. Біреу ондаған миллион теңге пара алады, енді біреу жай ғана ондаған мың теңге алар. Есептеп шығарылған көрсеткіш соның орта белінің сомасы.

Елімізде 2021 жылдың басынан бері бір жарым мыңдай сыбайлас жемқорлық фактісі тіркеліпті. Соның тікелей пара алу оқиғасы 900-ге жетеғабыл. Қалғанының көбі қаржыны жымқырумен және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланумен байланысты.

Күдікке ілінген қаншама шенеуніктің басқан ізін құзырлы органдар аңдып отырса да, қаншамасы ұсталып, темір тордың ар жағына тоғытылса да пара алушылық пен сыбайлас жемқорлық әрекеттері бір күн де тоқтамайды. Қазір бақылау мен қадағалау күшейген дегеннің өзінде күн құрғатпай шенеуніктің пара алу әрекеті қылаң берумен келеді. Не деген шеті-шегі жоқ пара алушылық дейсіз де қоясыз.

Пара алғандардың сотталуы мен олардың ізін ала өзгелерінің қолға түсуі дамылсыз істеп тұрған конвейерді еске түсіреді. Осылайша пара деген кеселдің де өзінің тоқтамайтын айналымы бар. Мысалы, биылғы жылдың  сегіз айында сыбайлас жемқорлыққа ұрынған 570 адам қамауға алынған. Соның 138-іне пара алғаны үшін, ал 237-сіне пара бергені үшін жаза тағайындалды. Қалғандары делдалдық, алаяқтық және ұрлық жасағандары үшін сотталды.

Бір ғана қыркүйек айында 14 парақорға қатысты сот үкімі шығарылды. Жамбыл облысындағы Шу аудандық малдәрігерлік станциясының басшысы 8 жылға, оның бухгалтері 7 жылға сотталды. Оларға бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған еді. Ақмола облысындағы Ақкөл ауданында астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік саласымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестің бас директоры 10 жылға, онымен бірге екі адам әрқайсысы 8 жылдан, тағы бір адам 4 жылды арқалап кетті. Олар орындалмаған жұмыстар үшін бюджеттің қаржысын жымқырып келген екен. Қызылорда облысы бойынша экологияға жауапты мекеменің басшысы 11 жылға қамалды. Онымен бірге өңірдегі мұнай компаниясының қызметкері 4 жылға сотталды. Олар тексерудің оң шешімін шығару үшін жеке компаниядан 30 миллион теңге пара алу күдігіне іліккен еді. Қаржы жымқыру, пара алу сынды әрекеттерімен қыркүйек айында Алматыда бір полиция майоры 4 жылға сотталды, Петропавлда шенеунікке ірі көлемде пара бермек болған азамат  айыппұл төлеп құтылды. Қаржыны жымқырумен Бесқарағайда аудандық мұрағат бухгалтері 2 жылға, Қатонқарағайда аурухананың бас дәрігері 4 жылға сотталды. Осы сияқты мысалдар әр өңірде көп-ақ.

Биылғы жылдың басынан бері парақорлар мемлекетке 10 миллиард теңгеге жуық залал келтіріпті. Қаңтар-қазан айларының арасында парақорлықтың бір жарым мың дерегі болуы естіген құлақтан ұят. Ал бүкіл параның орташа сомасы 1 миллион 200 мың теңге дегенімізбен істі болған әлгі бір жарым мың шенеуніктің ішінде түйені түгімен жұтқандардың бары да рас.

Жемқорлықтан таза мемлекеттердің қатарына қосылғанға не жетсін. Бірақ еліміз парақорлық жайлаған мемлекеттердің қатарын қимай, сол баяғы қалпынан тапжылар емес. Ал, шыны керек, парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың азаймауы қоғамның ластанып, іріп-шірігенінің көрінісі емес пе?..