Қарағанды облысында 360 отбасы «Рамазан қоржынын» алды

197

Қарағанды облысында 360 отбасы «Рамазан қоржынын» алды

 Қарағанды облысында 360 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды. Акция «Зекет және қайырымдылық» қорымен ұйымдастырылды.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасиетті айдың бірінші күнінен бастап біздің қор түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Азық-түлік әлеуметтік көмекке мұқтаж 360 отбасына таратылды.

Бүгінде 600 адамға ауызашар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар 150 адам ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 5000 студентке ыстық тамақ жеткізілді. Сонымен қатар, 17 адам материалдық көмек алды, – деді  «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мұхит Жарымбетов.

Оның айтуынша, қайырымдылық шаралары қасиетті айдың соңына дейін жалғасады.