Қазақстанда бизнесті мемлекеттік қадағалаудың жаңа институтын енгізу ұсынылды

      ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Заң жобасын отырыста ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Оның айтуынша, заң жобасы аясында алдымен ескерту мен алдын алу мазмұнындағы бақылау мен қадағалау түрін енгізу көзделіп отыр. «Яғни тексеруші бақылау нысанына көп шыға бермейтіндей түрін енгізу дұрыс деп ойлаймыз. Соңғы жеті жылда қолға алынған шаралар бизнесті тексеруді 4 есеге (2010 жылы 349 мың, 207 жылы 81 мың) қысқартуға мүмкіндік берді. Бірақ, осыған қарамастан бизнеске түсіп жатқан салмақ әлі де жоқ емес. Себебі, тексерушінің билігі басым болғандықтан, ол заңға сүйеніп, өз қарауынша әкімшілік шара қолдана алады. Ал тәжірибе көрсетіп отырғандай, бақылаушы және қадағаушы органдарының жұмысы тексерумен шектеледі», — деді министр. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, осыған байланысты заң жобасы аясында мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесі концептуалды түрде өзгереді. «Демек, таңдаулы тәртіпте жүргізілетін тексеру жұмыстарының орнына алдын ала бақылаудың жаңа институтын енгізу ұсынылуда. Алдын ала бақылаудың негізгі міндеті — бақылау субъектісінің құқыққа қарсы шарттары мен себебін анықтау, құқықтық бұзушылықтың салдарын түсіндіру. Қазіргі қолданыстағы жүйеден оның артықшылығы — әкімшілік өндіріссіз құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту», — деп түйді министр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *