Қыран-2018: Он үш жастағы бүркітші бас жүлдені жеңіп алды

8 жасынан қолына қыран қондырып, бүркіт баптаған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 13 жастағы Бексұлтан Сейітжан «Қыран — 2018» республикалық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

Алматы ипподромында үш күннен бері саятшылық өнерді жаңғыртқан құсбегілердің «Қыран — 2018» республикалық турнирі  бүгін мәресіне жетті. Қырандар сайысына еліміздің 10 өлкесінен 50-ден астам саятшы келді. Сонымен қатар, Моңғолиядан да келіп, өнер көрсеткен қандастарымыз турнирдің мерейін арттырды. Сайыс қорытындысы бойынша 13 жастағы бүркітші Бексұлтан Сейітжан бірінші орын алып, 200 мың теңгелік сыйлыққа ие болды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *