Ресейде өткен халықаралық байқауда қазақстандық министрлік үздіктер қатарынан көрінді

«Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді 

Байқау «Үздік бейне жарнама», «Үздік аудио жарнама», «Үздік сыртқы жарнама», «Үздік интернет-жарнама», «Үздік плакат», «Ең үздік кітапша», «Үздік жарнама кампаниясы» және «Үздік жарнама белсендісі» қатарлы номинациялар бойынша сыналтылды.

2017 жылғы байқау жеңімпаздарының тізімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Ведомства «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.

Осы аталымда III орынды екі ұйым бөлісті. Буратия республикасының қалалық медицицналық профилактика орталығы «Біз жүрек саулығы үшін!» және Санкт-Петербургтің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және баспа комитеті «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» жобасымен танылды. Ал, жеңімпаз болған өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларды қолдау қоры «Балалар сенім телефоны» жобасымен үздік шықты.

Бір атап өтерлігі, биылғы байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдастыру комитетіне Ресей Федерациясы аймақтары мен ТМД елдері бойынша барлығы 500-ге жуық өтініштер келіп түскен.

Конкурсқа 2016 жылғы 1 — қазаннан 2017 жылғы 18 — қыркүйекке дейін жарияланған және іске асырылған әлеуметтік жарнамалар қабылданды.

«Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауы — қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелеріне назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жарнама жасау процесін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей жоба.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *