Ресей флотының флагманы «Москва» крейсері суға батып кетті

3470

Ресей Әскери-теңіз күштерінің Қара теңіз флотының флагманы әрі мақтанышы, гвардиялық «Москва» зымырандық крейсері Қара теңізде суға батып кетті. Бұл портқа сүйреп апару кезінде болды, деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі:

«Москва» крейсері оқ-дәрілердің жарылуынан өрт кезінде алынған корпустың зақымдануынан дауыл жағдайында суға батып кетті.

Крейсердің экипажы сол маңдағы Қара теңіз флотының кемелеріне эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше басылым Ресейлік «Москва» крейсеріндегі өрт жайлы хабарлаған болатын.

Мұны Одесса басшысы О.В.Марченко да растады:

«Кеше біздің зымыранмен зақымданған «Москва» зымырандық крейсері Қара теңізде өртеніп жатыр» — деген еді ол.