Ресейліктер «Евровидение-2022» байқауында дауыс беру құқығынан айырылды

92

Байқау ережесі бойынша фаворитті тек қатысушы елдердің тұрғындары ғана таңдай алады.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Федерациясының Украинаға жаппай басып кіруіне байланысты агрессор ел Eurovision 2022 вокалдық байқауына қатысудан уақытша шеттетілді. Енді Ресей Федерациясының тұрғындары өздерінің таңдаулыларына дауыс бере алмайтыны белгілі болды.

Байқаудың атқарушы продюсері Клаудио Фазулоның айтуынша, ережеде тек байқауға қатысатын елдердің тұрғындары ғана ұнаған қатысушыға дауыс жібере алады деп жазылған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Конкурсқа қатысып жатқан елдер ғана өз дауыстарын бере алады. Шараға қатыспаған Ресей, өз аумағынан дауыс бере алмайды», — деді Клаудио Фазуло.