Санкция салдарынан ресейлік наубайханалар құрал-жабдықтан айырылды

410
Фото: Retail.ru

Санкциялардың кесірінен ресейлік наубайханалар еуропалық құрал-жабдықтардан айырылды. Осы күнге дейін Ресейдегі наубайханалардың 90% -ы еуропалық жабдықпен жұмыс істеп келген.

Ірі өндірушілерде құрамдас бөліктер мен шығын материалдарының қоры бірнеше айға жетеді, ал жаңаларын қайдан алуға болатыны әлі белгісіз. Кейбіреулер Түркия мен Қытайдан келеді деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ олар қазіргі таңда импорттан тәуелсіз болудың жолдарын іздеуде.

Мұның бәрі өндіріс шығындарының өсуіне әкеледі. Себебі жаңа технологияға көшу кезінде компаниялар бірнеше ай бойы өндірісті тоқтатуға тиіс болады.