Стресс эректилді дисфункцияға әсер етеді — психотерапевт Рашид Азизов

212

Жыныстық белсенділік жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердің жыныстық проблемалары көңіл-күйге және  қарым-қатынастарға кері әсер етеді, оңалту процесін қиындатады.

Эректильді дисфункция (ЭД) – жыныстық әрекет үшін жеткілікті эрекцияға қол жеткізу  немесе оны ұстап тұрудың тұрақты қабілетсіздігі. 1992 жылға дейін импотенция деген термин қолданылған. Бірақ ол нақты емес делінді, сондықтан да ЭД деп ауыстырылды.

«ЭД және жүрек-қантамыр ауруларының дене қимылы жаттығуларының болмауы, метаболикалық синдром, гиперхолестеринемия және темекі шегу сияқты бірдей қауіп факторлары бар екендігі анықталды», — дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ психотерапевті Рашид Азизов.

Алайда миокард инфаргі, жүрек пен тамырларға, жүрек қақпақшасына және т.б. жасалған ауыр операциядан кейін науқастарда депрессия, стресс және қорқудың салдарынан психогенді ЭД жиі туындайды.

Стресс ЭД-ны қалай тудырады? Қалыпты эрекция ми қыртысының міндетті қатысуымен жүреді. Түрлі жыныстық ынталандыруға ми жауап ретінде ер адамның ағзасына белгі береді, ал биохимиялық процестер эрекцияның болуын қамтамасыз етеді. Егер адам стресс жағдайында болса, онда ми қоздырып ынталандырушы белгілерге назар аудара алмайды, ол стресс факторларына «алаңдайды», нәтижесінде биохимиялық процестер туындамайды немесе өте әлсіз болады.

Стресс неғұрлым күшті және ұзақ болатын болса, соғұрлым мидың «алаңдауы» оңайырақ болады. Стресс жағдайындағы адамдар алаңдаушылық пен күдікті болады, бұл өзін төмен бағалауға, өзінің субъективті дене сезімдеріне, интимдік сәтсіздіктер туралы естеліктері немесе оларды күтуіне бейімділік тудырады, осылайша миды еркектің қалыпты қарқынынан «аударып әкетеді».

Мұнда тіпті шырғалаң пайда болады, стресс ЭД тудырады, ал толық жыныстық қатынасқа түсе алмау жағдайының өзі күшті психоэмоциялық соққыға әкеледі.

Рашид Давлетовичтің айтуынша, писхологиялық түзету интим алдында қорқыныш пен қобалжуды жеңілдетеді де, стресс симптомдарын жоюға мүмкіндік береді. Миды өз ағзасының қорқыныш сезімі мен сәтсіздікті күтуге емес, сезімді-эротикалық қабылдауына әсер етуге үйрету қажет. Дәрілік заттардың көмегімен алаңдаушылық пен стресс белгілерінің деңгейін төмендету, әдетте, мүмкін емес, өйткені олардың көпшілігі либидоды төмендетеді.

ЭД жоғары таралуына қарамастан, әсіресе психологиялық сипаттағы жыныстық проблемалар бойынша көмек сұрау айтарлықтай төмен. Дәрігердің  айтуынша, ер адамдар өздерінің проблемаларын әйел адамдармен де, тіпті мамандармен де талқылағысы келмейді. Бір жылға дейінгі уақытта проблема басталған соң дәрігерге келіп қаралу өте сирек кездеседі. Егер бұл орын алса, тек қана әйел адамның бастамасымен ғана болады.