ЖОО бағалайтын рейтінгілер сапасыз — сарапшы

43
Фото: timeskz.kz

Академиялық адалдық лигасының платформасында білім саласының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді талқылады. Қатысушылар Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стандарттарына сай келмейтінін айтты. Олар жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметіне және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға нұқсан келтіретінін алға тартады сарапшылар.

Яков Воронков

«Қазақстан студенттер альянсы» өткізетін рейтингті ерекше атап өткім келеді. Ол білім алушылардың сауалнамасының негізінде жасалады және сол арқылы әлеуметтік желілерде өздерін белсенді түрде жарнамалап  жүр. Аталған рейтингті дайындаушылар екінші жыл қатарынан Қазақстанның үздік және нашар ЖОО-лары бойынша тізімді жариялайды. Олардың 2020 жылғы рейтингінде көрсетілген бірде-бір үздік университет 2021 жылғы үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірмегені, ал 2020 жылғы ең нашар 10 университеттің қатарында болған Нархоз университеті 2021 жылғы үздік ЖОО-лар қатарына кіргені есте қаларлық жайт. Егер үздіктер тізімі жыл сайын өзгеріп отырса және оған академиялық жетістіктері туралы ешкім естімеген университеттер кіре алатын болса қазақстандық академиялық рейтингтер туралы пікір қандай болуы мүмкін? Сонымен қатар Қазақстан студенттері альянсының рейтингі мемлекет қаржысына жасадалады. Сауалнама жүргізілген жобаға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген», — деді Академиялық адалдық лигасының сарапшысы Яков Воронков.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, нәтижеде көрсетілген мұндай үлкен айырмашылық рейтинг әдістемесінде айтарлықтай кемшіліктердің бар екенін аңғартады.

Олжас Ордабаев

«Әдетте, нәтижелердің осыншалықты әртүрлі болуы рейтинг әдістемесінің өзгергенін көрсетеді. Яғни ақпараттар өзгерді және бәрі түзетілді. Бұл – әзірлеушілер әлі де дұрыс әдістемені іздеп жүр деген сөз. Себебі, егер әдістеме қалыптасқан болса, ол айтарлықтай өзгермейді, өйткені өзгертудің өзінің белгілі бір негіздемесі бар. Мұны тек осылай объективті тұрғыда түсіндіруге болады» — деді ол.

Шара барысында Академиялық адалдық лигасының өкілі Яков Воронков жоғары оқу орындарының кез келген академиялық рейтингісінің бес негізгі мақсатын қандай болуы керек екенін ұсынды:

  1. Талапкерлерді және өзге де мүдделі тұлғаларды (жұмыс берушілер, орталық мемлекеттік органдар және т. б.) хабардар ету;
  2. Жоғары оқу орындарына ұйымның жұмысын жақсартуға мүмкіндік беретін деректерді ұсыну;
  3. Зерттеушілерге деректерді ұсыну;
  4. ЖОО қызметін әдістемеде белгіленген параметрлер бойынша кешенді бағалау;
  5. Азаматтық қоғам алдындағы есептілік.

Оның пікірінше, қазіргі уақытта білім беру бағдарламаларының бір ғана рейтингі жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жауап береді. Бұл – жыл сайын ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасайтын рейтинг. Олар әрбір ЖОО-ның қызметін «мансаптық перспективалар», «білім беру бағдарламасының сапасы» және «білім алушылардың жетістіктері» сияқты әдістемеде жазылған параметрлер бойынша бағалайды. Ол кешенді түрде жасалатынын дәлелдейді. Белгіленген индикаторлар бойынша негізгі көрсеткіштер ресми сайтта ашық жарияланады, ал әдістеме жыл сайын жоғары оқу орындарының, Академиялық адалдық Лигасының және басқа да стейкхолдерлердің қатысуымен қайта қаралып, жақсарады.