Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

116

Бүгінгі таңда Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бұрынғы Кеңес Одағының көптеген елдеріндегідей өзектілігін жоғалтқан жоқ. Отбасыдағы жауыздың құрбандарына қандай соққы болатындығын, денсаулығына ғана емес, қандай психологиялық өшпес із қалдыратынын ұғынатындар аз.

«Gulbolsyn» жобасы Алматы қаласындағы нәзік жандылардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қолдау көрсетуге, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында жұмыс істейді.

Аталмыш жоба Алматының дағдарыс орталықтарымен, сонымен қатар әлеуметтік ана орталықтарының желісі — «Бақытты отбасы» бастамасымен бірге белсенді жүзеге асырылуда. Бұл орталықтардың қамқорлығындағы көптеген әйелдер «Gulbolsyn» жобасының алғашқы қызмет алушылары болды.

Ай сайын дауды шешу, теңдік мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша пікір алаңдары мен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Заңдық және психологиялық кеңес беру үшін қабылдау бөлімдері құрылып, психологтар, заңгерлер, жаттықтырушылар сияқты мамандар тарапынан кеңес беру қызметтерін көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді. Күн сайын ондаған алматылық әйелдер қорқынышын ұмытып, өмірін нөлден бастауға күш алуда, жоба бастауын алғаннан бері 1552 адам көмекке ие болды.

17 қазан күні Алматы қаласында «Жас Отан» бөлімінде жобаның ашылуына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда жоба мамандары 5 ай ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісіп, алдағы қойылған мақсаттарды айқындады.

«Gulbolsyn» жобасы аясында Алматы қаласында қыздар мен әйелдерге көмек көрсететін 3 кеңес беру пункттері жұмыс істейді, олар «Жас Отан», «Қазақстан еріктілер лигасы» базаларында және «Бақытты отбасы» орталығында орналасқан. Негізгі кеңес беру нүктесі — Бақытты отбасы орталығы базасындағы пункт. Барлық үш кеңес беру пункті жобаның басынан бастап жұмыс жасайды.

Бұл жоба 2021 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады, бірақ ұйымдастырушылардың болашаққа үлкен жоспарлары бар. Жоба меңгерушісі ауқымын кеңейтіп, тек Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамтуды мақсат етеді.

https://fb.watch/8OtDR0bU83/