Ахмет Ясауи университеті Атырау облысына жәрдем жіберді

14.04.2024, 17:50
448
Ахмет Ясауи университеті Атырау облысына жәрдем жіберді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

4 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің халқына қолдау және көмек көрсету мақсатында жоғары оқу орындары түрлі жәрдем түрлерін ұсынып жатыр. Бұл игі істен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де шет қалмады.

Университет ұжымы мен студенттері қиын жағдайға тап болған отандастарымызға жан-жақты қолдау шараларын ұйымдастырды. Оқу орнының 500-ге жуық оқытушысы мен қызметкері  бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударып, 4 млн теңгеден астам қаражат жиналды.

Сондай-ақ, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркиялық  бауырлардың атынан қосымша 3 млн теңге қаражат жіберді.

Ал, оқу орнының «Актерлік өнер» мамандығының 2 курс студенттері арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» атты қойылымды сахналады. Билет сатылымынан түскен қаржыны материалдық көмекке аударды.

Ахмет Ясауи университетінің басшылығы барлық жиналған қаражатты Атырау облысының тұрғындарына жәрдем үшін жұмсауға шешім қабылдады. Қазіргі таңда Жайық өзенінің суы тасып, Атырауда шұғыл түрде бөгеттер мен дамбы жасау жұмыстары басталып кетті. Осыған орай, оқу орны атынан шұғыл түрде құрылыс-шаруашылық заттары сатып алынып, жүк көлігімен Атырау облысына жөнелтілді.

Айта кетейік, оқу орны жіберген жәрдемді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қабылдап алып, жәрдем қажет орындарға жеткізеді.

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Украина билігі де түрмеде жазасын өтеушілерді соғысқа жібермек Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды «Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) «Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты