Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді

21.04.2024, 13:51
891
Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді ашық дереккөзден

Қазақстанда "Отау" ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгерді. Енді атында тұруға арналмаған жылжымайтын мүлік немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлес болып, бағдарламадан бас тартқан қазақстандықтар өтінімді қайта бере алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушылардың атында 5 жыл ішінде мүліктің болмауын арнайы мемлекеттік жүйенің көмегімен автоматты түрде тексерілді.

Сол себепті атында қандай да бір мүлкі барларға теріс жауап келіп жүрді. Шындығында олардың көпшілігінің атында үй емес, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған тұрақ, қойма, жер учаскесі немесе жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі болған.

Бағдарламаның жаңа шарты бойынша енді оларға қайта өтініш беруге болады.

"Бізге шалғайдағы ауылдағы шағын үйде басқа да көптеген отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй үлесі бар клиенттеріміз жүгінді. Гараж бен кішкентай қоймасы атына тіркелген адамдар да бар екен. Әрине, бұл фактілер оларға баспана қажет емес дегенді білдірмейді. Біз азаматтардың барлық өтініштерін мұқият қарап, "Отау" бағдарламасы бойынша бас тартылған азаматтардың деректеріне талдау жасадық. Қалыптасқан жағдай бойынша жеке шешім әзірледік. Енді азаматтар жылжымайтын мүліктің болуы бойынша деректерді объективті тексеру үшін оны қолмен жүктейтін болады. Сондықтан біздің салымшылар меншігінде тұрғын емес жылжымайтын мүлік болса да "Отау"бағдарламасына қайта өтініш білдіре алады. Өтініш 22-30 сәуір аралығында “Баспана маркет” порталында қабылданады", – деп түсіндірді" Отбасы банкі" басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Банк "Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдердің жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданатынын жеткізді.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін банк тізімді саралайды. Шешім банк порталында жарияланады. Содан кейін бағдарламаға қатысушының несиелік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні болады. Егер ол несие бойынша оң мақұлдау алса, онда ол өзіне баспана табуға тағы 6 ай уақыт алады.

Тұрғын үйді Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында ҚМК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша не сақтандыру құралын пайдалана отырып, сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы аяқталмаған тұрғын үйді “Баспана маркеттен” таңдай алады.

"Отау" бағдарламасының несиелік шарттары:

20 пайыздан бастап – бастапқы жарна;

9 пайыз (ЖЭС 9,2 пайыздан 11,8 пайызға дейін) несие бойынша мөлшерлеме;

несие мерзімі – 19 жылға дейін.

«Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы «Сасып қалдым»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты (ФОТО) «Елге қайтатын уақыт келді»: шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті (фото) Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды Қазақстандағы телефон алаяқтығы: проблема және шешу жолдары Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Украина билігі де түрмеде жазасын өтеушілерді соғысқа жібермек Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды «Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) «Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев