«83-тегі Аманның інісімін»: Әбдіжаппар Әлқожа қос бірдей ағасына көлік сыйлады

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 12:48
2363
«83-тегі Аманның інісімін»: Әбдіжаппар Әлқожа қос бірдей ағасына көлік сыйлады жеке парақшасынан

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа туған екі ағасының тойында ерекше тарту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі туған ағасының тойында тілек айтып, балалық шағынан сыр шертті. 

"Мейірімсіз өскен баладан, маңырап жүрген мал артық. Тәртіпсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық" демеуші ме еді дана қазақ. Аллаға шүкір, менің екі ағам бар. Анам бізді мейіріммен өсірген, әкем бізді тәртіппен, тәрбиемен өсірген. Осылай болу керек шығар деп шештім. "83-тегі Аманның інісімін" деп мақтанып өстім. Ал өнерде "Розаның інісімін" деп жүремін. Ағам мен ауырғанда арқалайтын. Үлкен тауым бар екенін біліп, марқайып жүрдім. Аллаға шүкір, екі ағам бар. Студент кезімде Бейбіт ағамның қолында жүрдім. Өзі 80 мың теңге айлық алады, сөйтіп жүре тұра мені көтермелеп, қолдау білдірді. Сол үшін мен екі ағама темір тұлпардың кілтін табыстаймын", – деп жүрекжарды тілегін айтты әнші.  

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің мәрттігіне ризашылықтарын білдірді. Қос бірдей бауырына салоннан көлік сыйлаған әншіге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

 "Ата-аналарына рақмет, бір-біріне бауырмал балаларды тәрбиелепті", "Көзіме жас келді, мәрттігіңізге ризамын", "Қандай әдемі көрініс болды! Жарайсың!", "Ағалы-інілі боп, сыйласып жүргенге не жетсін?! Нағыз азаматтық сауапты іс жасапсың", "Осылар сөз сөйлегенде еркек бастарымен неге жылап шығады екен?", "Бар боп тұрса бергенге не жетсін! Әбдіжаппар, жарадың!" деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" деп сынаған әріптесіне жауап берді. 

Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Украина билігі де түрмеде жазасын өтеушілерді соғысқа жібермек Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды «Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) «Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді