SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ділназ Ахмадиеваның әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты. Өнер иесі әкесі Президент қолынан марапат алғанын жеткізді. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Бүгін менің әкем Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жаңа марапат алды! Әкемнің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» ордені берілді. Кәнеки, әкетайыма құтты болсын айтайықшы, ол өте бақытты болар еді», - деп жазды әнші.