Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді

27.04.2024, 15:18
558
Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді getty images

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен көтеруге кіріседі. Басымдық - балалар және босандыру.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге шығынды тарифтерді қайта есептеді.

Негізгі мақсат - медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2024 жылғы 1 маусымнан бастап қабылданған шешімдерге сәйкес жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтерілетін болады.

Тарифтердің көтерілуі азаматтардың медициналық көмек алуға арналған қалта шығыстарын азайтуға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жиналған инфляциялық шығындарды өтеуге және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сақтандыру активтерінің есебінен қосымша бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығыстарын оңтайландыру нәтижесінде босатылды және 20 миллиард теңгені құрайды.

Абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология және ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты бірқатар басқа бағыттар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.

«Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды