Қазақстан мен Беларусь арасында «түсінбестік» туындады. Сауда министрі түсінік берді

11.01.2024, 15:43
1853
Қазақстан мен Беларусь арасында «түсінбестік» туындады. Сауда министрі түсінік берді Sputnik / Виктор Толочко

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның жүк тасымалдаушылары Беларусь арқылы неге Еуропаға өте алмай жатқанына түсінік берді. Бұл туралы Halyq Uni хабарлап отыр.

Ведомство басшысы мұндай мәселе барын мойындады.

Биыл 8 қаңтардан бастап осындай мәселе туындады. Қазір Ресей және Беларусьтегі әріптестерімізбен бірге оны талқылап жатырмыз. Біз бұл мәселені комиссияға ресми түрде жібереміз. Бүгінде олардан жауап күтіп отырмыз. Менің ойымша, бұл – кедергі, техникалық барьер. Олай болмауы керек, - деді Арман Шаққалиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министр мәселе жақын арада шешілмесе, Беларусь әрекетін Қазақстан тарапы ресми түрде кедергі деп санайтынын жеткізді.

Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың интеграция шарттарына сәйкес келмейді. Біздің әріптестеріміз (Беларусь тарапы) мұны қауіпсіздіктің мәселесі дейді. Олар шарттың 29-бабында ондай негіз барын айтады. Алайда бұл мәселеге біз басқаша қараймыз. Бұл тауар қозғалысын шектейді. Мәселені тиісті деңгейде реттей алмасақ, ресми түрде комиссия қарауына мұны кедергі ретінде енгіземіз, - деді басшы.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр дәстүрлі сауда жолдары үзіліп, Қазақстанның балама жол іздеуге мәжбүр екенін айтқан еді. Сондай-ақ еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропамен байланысты нығайтуды көздейтіні хабарланды.

«Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы «Сасып қалдым»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты (ФОТО) «Елге қайтатын уақыт келді»: шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті (фото) Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды