The New York Times Алматы қаласын әлемнің 52 туристік жерлердің қатарына қосты

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2024, 16:33
665
The New York Times Алматы қаласын әлемнің 52 туристік жерлердің қатарына қосты collage smartnews.kz

Алматы 25 орында тұр.

SmartNews басылымының хабарлауынша, Алматы биыл саяхаттап бару керек әлемнің 52 туристік орынның біріне айналды. 

The New York Times дәстүрлі рейтингін жариялап, Алматы қаласын үздік туристік бағыттар тізіміне қосты. 2024 жылы баруға тұрарлық орындардың басында Мауи, Париж, Женева сияқты белгілі туристік шаһарлар тұрса, Алматы қаласы тізімнің бел ортасында орналасқан. Яғни, Австриядағы Вена мен Мысырдың Хургадасын да жоғары тұр.

Басылымның айтуынша, Алматы сан алуан көрікті жерлерімен және тағам мәзірінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. «Ұн, су және етке негізделген нео-көшпенділер асханасы - гипер-заманауи стильді паш етеді» дейді мақалада.

Шаһар орта азия өңірінен рейтингке енген жалғыз қала болды. Бұған дейін біздің еліміз 2017 жылы ЭКСПО көрмесі қарсаңында осы тізімге қосылған еді. Былтыр 9 айда Қазақстанға келген туристердің саны қырық пайызға өсіп, 835 мыңнан асқан. Оның ішінде елімізге саяхаттап келетін америкалықтың да саны артқан. Ал белді басылымның биылғы тізіміне Алматыны қосуы шетелдіктердің қызығушылығын одан бетер арттыруға сеп болуы тиіс.

"Қазақстан туралы хабарым бар. саяхаттау үшін тартымды жер деп санаймын. Сондықтан бір күні қыдырып барамын деп ойлаймын. Оның үстіне The New York Times өте сенімді басылым. Сондықтан газеттен қандай да бір мақала жарияласа ол міндетті түрде көптің назар аударады", - деді АҚШ тұрғыны Грейс Клунатский.
Американдар Қазақстанға келуді мақсат етіп отыр.

"Мен Қазақстанға саяхаттап барар едім. Мәдениетімен танысып, түрлі тағам түрлерінің дәмін татып көргім келеді. Оның үстіне белді басылым кеңес беріп жатса әрине тіпті ойланарлық дүние", - деді АҚШ тұрғыны Лэн Смис

 

Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы «Сасып қалдым»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты (ФОТО) «Елге қайтатын уақыт келді»: шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті (фото) Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды Қазақстандағы телефон алаяқтығы: проблема және шешу жолдары