Катарлық инвесторлары Қазақстанның ауыл шаруашылығына 500 млн доллар салмақ

16.02.2024, 11:02
652
Катарлық инвесторлары Қазақстанның ауыл шаруашылығына 500 млн доллар салмақ gov.kz

Бұл жоба 200 миллион АҚШ долларына бағаланып, астық пен бұршақты терең өңдеумен айналысуға бағытталған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Катар мемлекетіне сапары аясында мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылығы секторындағы әріптестік туралы, оның ішінде инвестициялық әріптестік туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Катарлық инвесторлар Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге инвестиция салуға ниетті: Катарлық Hassad Food компаниясы, Түріктің Tiryaki компаниясы және "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі арасында Ақмола облысында зауыт салу туралы уағдаластықты көздейтін келісімге қол қойылды. Бұл жоба 200 миллион АҚШ долларына бағаланып, астық пен бұршақты терең өңдеумен айналысуға бағытталған.

Сонымен қатар, Катарда Dinara Group холдингі мен Qatar National Enterprises арасында ауыл шаруашылығын дамыту, құрылыс және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру үшін стратегиялық инвестициялық серіктестік туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан мен Орталық Азияның аграрлық секторын дамыту үшін бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру жоспарлануда.

Қол қойылған шарт шеңберінде Dinara Group холдингі қолданыстағы сүт, ет және өсімдік шаруашылығы өндірістерін масштабтауды, асыл тұқымды мал басының өзіндік негізін дамытуды және қосымша сүт фермаларын, сүт өңдеу және ірімшік өндіру зауытын салуды және дайын өнімді Қытай мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайды, бұл Катардағы серіктестердің жоғары сенімін көрсетеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы секторында инвестициялар тартуға және әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Катар мемлекеті муниципалитетінің Министрі Абдулла бен Хамад бин Абдулла Аль Аттиямен кездесу барысында саладағы, атап айтқанда, Катарға қой мен дәнді дақылдарды жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсаттар мен жоспарлар талқыланды. 2024 жылы Қазақстан Катарға қой етінің экспортын екі есеге арттыруға ниетті. Ведомство басшылары дәнді дақылдарды Катарға Иран логистикасы арқылы жүзеге асыруды талқылады.

Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы «Сасып қалдым»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты (ФОТО) «Елге қайтатын уақыт келді»: шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті (фото) Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды Қазақстандағы телефон алаяқтығы: проблема және шешу жолдары Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді