Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын

18.02.2024, 09:16
874
Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын gov.kz

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астана және Алматы халықаралық әуежайларының алаңдарында өткен жиындарда Қазақстанавиация саласының Jet A-1 маркалы авиаотынын пайдалануға дайындығы талқыланды. 

Қатысушылар Jet A-1 авиаотынын пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл рәсімдерін талқылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамыту және халықаралық әуе қатынасында ұшу географиясын ұлғайту туралы тапсырмасының стратегиялық маңызы атап өтілді.

Республикалық деңгейде өткен жиындарға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті (ААК), ҚР Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, ҚМГ-ге қарасты мұнай өңдеу зауыттарының, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Астана және Алматы әуежайларының, отандық жетекші әуекомпаниялардың және логистикалық тасымалдаушы мекемелердің басшылары қатысты. Сондай-ақ кездесулерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), швейцариялық SGS зертханасының (сараптама және сертификаттау саласында әлемдегі көшбасшы, ҚМГ зауыттарында зертханалары бар), сондай-ақ JIG халықаралық қауымдастығының (Joint Inspection Group) сарапшылары қатысты.

ҚР ЭМ Мұнайды тасымалдау және мұнай өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев қазақстандық МӨЗ жаңғыртудан кейін 2020-2023 жылдары ТС-1 авиаотын өндіруді жылына 438,2 мың тоннадан 624 мың тоннаға дейін ұлғайтқанын атап өтті. Қазіргі уақытта жаңғыртылған Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ айына 50-55 мың тонна көлемінде ТС-1/РТ орнына Jet-A1 шығаруға дайын.

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.

Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.Көлік министрлігі осыған дейін әуежайлардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Jet A-1 жанармайына біртіндеп ауысу туралы шешім қабылдаған болатын. Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жанармай құю кешенін жаңғыртып жатыр және 2024 жылдың маусымына қарай ASTM D1655 әлемдік стандартына сай шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.

ҚазМұнайГаз өкілдері мұнай өңдеу зауыттарының әлемнің 70-тен астам елінде қолданылатын халықаралық Jet A-1 маркалы авиаотынын шығаруға дайын екенін атап өтті. ҚМГ сарапшылары Jet A-1 авиаотынын өндіру үшін зауыттың тиісті қуатын толық қайта өзгерту керек деп түсіндірді, өйткені зауыттар екі отын түрін, яғни ТС-1 маркасын қатар шығара алмайды.

«Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты