Террорлық әрекет жасауды көздегендер әр елде сергек жүр

03.04.2024, 18:10
385
Террорлық әрекет жасауды көздегендер әр елде сергек жүр коллаж: smartnews.kz

Мәскеудегі терактінің жаңғырығы әр жерден шығып жатыр. Яғни өзге аумақтарда да лаңкестік әрекет жасауға талпыныс бар.

Қазақстанның Ақтау қаласында жергілікті тұрғын ұсталды. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері лаңкестік әрекет жасауға дайындалды деген күдікпен 1-сәуір күні құрықтаған. Үйін тінту кезінде жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай айғақтар табылғаны айтылды. Ұсталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы деп жатыр. Қазір тергеу басталды. Қашан және қай жерде теракті жасауға дайындалғаны, сондай-ақ ол кімдермен бірге әрекет еткені жайлы ақпар әзірге жарияланған жоқ.

Ал Әзірбайжанда лаңкестік жасамақ болған Ресей тұрғыны ұсталды. Ақпараттарда ол көптеген адамның өліміне алып баратын теракті жасауға дайындалғаны айтылды.  Ресей тұрғынының Әзірбайжанда бір емес, бірнеше террорлық шабуыл жасамақ болғанын және оның құрықталғанын Әзірбайжанның azertag.az ақпараттық агенттігі хабарлаған. Ұсталған адам Ресейдің Мурманск облысында тұратын Әзірбайжанның азаматы екен. 1988 жылу туған бұл адам Бахруз Аскеров деген әзірбайжан болып шықты. Оған қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халық арасында дүрбелең туғызу және оған ықпал ету мақсатында басқа адамдармен байланысқа түсті деген күдік таңылды. Бахруз Аскеровтың республиканың әртүрлі аймақтарында тұратын адамдарды астыртын түрде байланысқа тартып, оларға Лянкаран қаласының басшысына қастандық жасауға нұсқау бергені анықталыпты. Терроризмге дайындық бабы бойынша қамалып, тергеуі жүріп жатыр.

Тәжікстанда Наурыз мейрамында теракт жасауға дайындалды деген күдікпен 15 адам ұсталған. Олардың Мәскеудегі терактіге қатысы да, байланысы да жоқ екені расталды. Ал Тәжікстанда лаңкестік жасауға дайындалғанын анықтау үшін тергеп жатыр.

Мәскеудегіден кейін терактілер Ресейде жалғасатыны туралы сәуегейлік айтқан сарапшылар болған еді. Ресейдің Дағыстан республикасында халық көп шоғырланған жерлерде теракті жасауға дайындалған үш адамның ұсталғаны туралы хабар тарады. Үшеуін Каспийск және Махачкала қалаларындағы үйлеріне шабуыл жасап құрықтапты. Олардан жарылғыш заттар мен қару-жарақ табылғаны айтылды. Терактініі жасап болған соң ізін суытып Ресейдің аумағынан шығып кетуді жоспарлаған екен. Бұған дейін Дағыстанда Мәскеудегі терактіні қаржыландырды деген күдікпен төрт адамды ұстаған болатын.

Ресейдің Ставрополь қаласында да терактіге дайындық жүргізді деген үш адам құрықталған. Оларды Орталық Азия елдерінің адамдары депті, бірақ ұлтын атамаған. Ставрополь қаласында халық шоғырланған жерде теракті жасамақ болды деп ұсталғандардан жарылғыш заттар мен тұтанғыш химиялық заттар табылған көрінеді.

Лаңкестікке әрекет Мәскеудегі терактіден бұрын да жиі жасалғаны айтылып жатыр.  Наурыздың басында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі еврейлер құлшылық ететін синагогаға жасалмақ болған террордың алдық деп хабарлады. Олардың хабарында күдіктілерді ұстау кезінде қарулы атыс болғаны, атыс кезінде екі Қазақстан азаматы қаза болғаны айтылған. Оққа ұшқан Қазақстан азаматтарының нақты аты-жөндері келтірілді. Кінәні көзі кеткен адамдарға жаба салды ма, кім білсін. Қаза болған екі қазақты жасалмақ болған террордың ұйымдастырушылары болды, олар «Ислам мемлекеті» ұйымының «Вилаят Хорасан» тобының мүшелері деген болжам бар деп жар салды. Олардың тұрған үйлерінен тапанша, Калашников автоматы және жарылғыш құрылғыларды жасауға арналған заттарды тапқаны айтылды. Тексеруден кейін, өкінішке қарай, қаза болған екі адамның Қазақстан азаматы екені, олардың Ресейге жол тартқандары расталды.

Негізінен, Қазақстанда лаңкестік қаупі жоқ деуге болмайды. Қазір лаңкестік жасауға дайындалды делінген Ақтау тұрғыны ұсталып отыр. Таяуда шет елдегі терроршыларға барып қосыламын деп жолға шыққан адамымыз Алматы әуежайында ұсталып еді. Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған адам болып шықты. Ал өткен жылдың аяғында терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталған. Өткен жылы  Астанада терроризмді насихаттағаны үшін Тәжікстан азаматы ұсталып, сотталды. Бес жарым жылға сотталған ол астаналықтарды қарулы жиһадқа үндеді деп жазылған еді. Қысқасы, қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдарымыз үшін бүгінде жұмыс көп.

Біз ТМД аумағындағы жағдайды шолып қарадық. Ал лаңкестікке дайындалу әрекеттері Еуропа елдерінде көп болса керек. Әсіресе Франция нысанада екені жиі айтылып жүр.   

«Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) «Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды