770

Іздеуде жүрген екі қазақстандық Түркияда ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі қазақстандықты ұстады.

Іздеуде жүрген екі қазақстандық Түркияда ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Комитеттің мәліметінше, күдіктілер алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді. Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.