«3 миллион беріп, екеуін үйлендірейік деді»: Алматы облысында мектеп оқушысын пышақпен қорқытып, видеоға түсіріп, ұзақ уақыт қорлап келген

Аиса Махамбет Редактор
05.04.2024, 11:30
3647
«3 миллион беріп, екеуін үйлендірейік деді»: Алматы облысында мектеп оқушысын пышақпен қорқытып, видеоға түсіріп, ұзақ уақыт қорлап келген бейнежазбадан алынған кадр

17 жастағы Аружанды ауылдағы бірнеше жігіт бірігіп есірткіге еліткен. Салдарынан ауруханаға тап болған қыз өзін екі жыл бойы жігіттердің қорлап келгенін айтты. Жасарын жасап алғаннан кейін “жеңіл жүрісті” деп желілерге таратып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мектеп оқушысын пышақпен қорқытып, видеоға түсіріп, ұзақ уақыт қорлап келген. Желіде тараған ақпарат көптің үрейін ұшырып, резонанс тудырды. 

17 жастағы қыздың тағдырына араша боламын деп мәселені қозғаған қоғам белсендісі Ақмарал Басирова бір ауылды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты құзырлы органдар дер кезінде қылмыстық іс қозғамай, ал мектеп әкімшілігі бәрін жылы жабуға тырысқанын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты.

«Арыз бердік. Қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің біреуі уақытша тергеу изоляторында отыр. Сол бала қызға сөз айтып, 15 жаста екеніне қарамастан пышақ тақап, зорлаған. Олар екі жылдан бері жыныстық қатынаста болып келген», – дейді қоғам белсендісі. 

Ал анасы «қызым нашар ортаға түсіп қалды, кейінгі екі жылда мінез-құлқы өзгеріп кетті» деп алаңдап отыр. Оның сөзінше Аружан қатарлас жігіттер мен өзінен үлкен Сания есімді қыздан қысым көрген. 

Аружан құрбысымен сөйлескенде анасы емшіге апарғанын, ол пышақ тақап қинағанын айтады. Оған қоса құрбысы «тағы ана бәлені іздеп кетпейсің бе» деп сұрақ қойған.

«Мектептің жанында жын шығаратын емші, үлкен кісі бар. Сол кісіге апардық. Бала сөйлей алмай, жарық жақсақ та қорқып жүрді. Мен мұндай жағдай екенін білмегеннен кейін апардым дейді», – дейді анасы. 

Ал психиатр Санжар Тұрсынахметтің сөзінше, мұның бәрі есірткінің салдары. Қарапайым синтетикалық амфетаминнің белгісі. 

Қызды зорлады деп айыптаған Мирастың анасы «балама жала жауып отыр» дейді. 

«Мен әлеуметтік желідегі қайсысының аузына қақпақ боламын? Үндемей отырмын. Әділеттік орнайтынына сенемін. Бұл жағдайды әлі қорыта алмай жатырмын. Сене алмаймын. Бәрі таниды, біреудің қызын зорлайтын бала емес», – дейді анасы. 

Ал әкесі баласын ақтау үшін екі адвокат жалдаған. «Сараптама нәтижесі Мирастың қанында есірткі табылмағанын көрсетті» дейді. Оның сөзінше, Мирастың есірткі пайдаланбақ түгілі, ішімдік пен темекіге де әуестігі жоқ. 

Ал қоғам белсендісі Мирастың өзі 2022 жылдан, яғни қыз 15 жаста болған кезінен бастап жыныстық қатыста болып жүрдік деп куәлік бергенін айтады. Сонымен қатар баланың ата-анасы Аружанның анасына 3 млн ақша ұсынып, екеуін үйлендірейік деп ұсыныс айтқан көрінеді. Оған келіспегеннен кейін «қыз есірткіге тәуелді, жезөкшелікпен айналысады, анасын сол ақшамен асырап отыр» деген өсек таратқан. Барлық блогер, аудиториясы көп таныстарына Аружан туралы жаман әңгіме таратқызған.

Сексологтың сөзінше, қыздар анасы қолдау көрсетпейтінін білгендіктен, мұндай оқиғаларды жасырады. 

Қыздың қанына жасалған сараптама оның кемінде алты ай есірткі қолданғанын көрсетті.

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті