SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ділбар Байсейітованың күйеу баласы Жұмабек қызы Гүлжазираны есінен айырылғанша ұрып-соғып, өлімші жағдайға жеткізгенін айтты.
“2017 жылы 3 баласы бар еді. Қыздың аязды күні үшінші қызым хабарласып, Гүлжазира мен Жұмабек телефондарын көтермей жатқанын айтты. “Гүлжазира есін білмейді, үш баласымен үйінде отыр. Бірақ балаларына қарамайды” деді. Сөйтіп Гүлжзираны үйге алып келді. Мені, балаларын танымайды. Аяғы жалаңаяқ”, – дейді Ділбар ана.
Осы тұста марқұмның құрбысы Ақбота Көшербаев да Ділбар Байсейітованың сөзін растады. Айтуынша, құрбысымен соңғы рет сөйлескенде Жазира күйеуінің баланы ұрып тастағанын айтқан. Соққының қатты болғаны сонша 2-3 жастағы баласының денесі көгеріп кеткен. Ақбота Жазира осы жағдайды айтқанда марқұмның күйеуіне қатты ашуланып, жылағанын айтады.
Нағашы апасының қолында тұрып жатқан төрт бүлдіршін де әкесінің өзіндерін, анасын ұрғанын жоққа шығармады. Әкесі Жұмабек болмашы дүниелер үшін анасын да, өздерін де таяқтың астына алатын көрінеді. Балалар психологі бүлдіршіндердің бұл туралы еркін айтуына қарап, әкесінің жұбайы мен балаларына жиі қол көтереді деген қорытынды жасады.
Ал Жұмабек Бақыт Жазираның мұндай хәлге душар болуына өз анасының дуасы себеп болды дейді.
“Біз үйленгенде Шымкенттің дәстүріне сай Жазираның анасына алтын таққан жоқпын. Ол соған бола менімен жауласты. Енді бір ойым ол маған сиқыр, дуа жасады. Бірақ мен Құран оқып, дұғамен, зікірмен, намазбен жүрген соң ол сиқыра маған әсер етпеді. Керісінше, қызына өтіп кетті. Келіншегімнің қайтыс болғанын бір аптадан кейін, жерлеп болған соң естідім. Маған ешкім айтпады. Келіншегім шілденің 10 күні кетіп қалды. Үйден кетіп қалуына жанжал себеп болды. Балалардың тырнағы алынбайды, жағасы кір, айтпасаң ештеңе істемейді. Сөйтіп қол көтердім. Өзі полиция шақырыпты. Мені алып кетіп, бөлімшеге барып хаттама толтырып кеосем үйден кетіп қалыпты. Содан тамыздың 28 күні өзім іздеп бардым. Бірақ бауырлары жолатпады, әйеліммен сөйлесе алмадым. Осылай ол бес мәрте кетіп қалып жүрді. Бірақ әйелімнің өз-өзіне қол жұмсауына енем кінәлі деп ойлаймын”, – дейді Жұмабек Бақыт.
Ділбар Байсейітова қызын алып кетіп, емдетпек болғанда күйеу баласы енесінің шашынан ұстап, үйінен қуған. “Неліктен бұлай істедің?” деген сұраққа Жұмабек “кішкентай баламды алып кетпек болды” деп жауап берді.
“Үйге келіп алып, менің ар-намысымды таптып, әке-шешеме тіл тигізді. Келген сайын айғай-шу, ажырастырудың амалын жасайды. 2017 жылы әйелім балам Әмірді босанып шыққан оған жын кірген. Босанып шыққанына үш күн болғанда түнде баламның жылап жатқанын естіп оянып кеттім. Әмір жылап жатыр екен, әйелім жалаңш, шешініп тастап айнаның алдында шашын тарап тұр. Сөйтіп балдызым Ұлзипаға хабарластым. Енем үйге алып кел деп айтыпты. Содан оларды пойызға салып жібердім. Негізі біраз мықты молдаларға апарып оқытқанмын, мешітке де бардық. Бірақ емханаға апармадым”, – дейді Жұмабек Бақыт.
Сондай-ақ ол 10 жыл отасқан әйеліне сан мәрте қол көтергенін, болмашы бұзықтық жасаған ұл-қыздарын жазалағанын мойындады. Балалар да әкесіне қайтып барғысы келмейді. Үйдің үлкені Нұрай әкесі мен нағашы апасының татуласқанын қалайтынын айтып қалды. Алайда әкесімен қалып, бірге тұрғысы келмейтінін ашық жеткізді.
Марқұмның денсаулық жағдайына қатысты Леңгір қалалық емханасының психологы Зарина Күлжанова пікір білдірді.
“Негізі Жазираның денсаулығы жақсы, ешқандай кінәраты жоқ еді. Кейін жазда маған учаскелік полиция Гүлжазираның денсаулына байланысты хабарласты. Мекен жай бойынша барғанда әйелдің үнемі үрейде, қорқынышта жүретінін байқадым. Ештеңеге назар аудармайды. Әлденеге алаңдаулы. Жүйкесі тозған болуы мүмкін немесе қатты соққыдан осындай жағдайға түскен болса керек. Айғай-шу, күнделікті ұрыс-керістен әйел стресстен депрессияға түсіп кетеді. Бізге сондай жағдайда келгендіктен, мамандар психологиялық емес, психикалық тұрғыдан емдеуді ұсынды”, – дейді маман.
Ділбар Байсейітова қызының өзіне ұол жұмсағанына күмән келтіреді.
“Қол салды деп айта алмаймын. Бірақ өзімен-өзі “өлемін, өлемін” деп айтып жүрды. Дәрігерге апардым, ол қызымды Шымкентке ауруханағ жатсын деп жіберді. Уақытылы дәрілерін беру керегін ескертті. Бірде қызым “мама, маған біреу құлағыма “өлесің” деп жатыр” деді. Балаларына да “мен өлсем, жыламаңдар” деген екен. Мен оны жай сандырағы шығар деп ойладым. Таңертең жақсы болып жүрген. Қораға кіргенде, мойнына жіп те ілінбеген, тұрған жерінде құлаған. Жанына барғанша жан тапсырыпты.
4 баланың әкесі ұл-қыздарының нағашы апасының қолында қалуына қарсы. Ал Ділбар Байсейітова бұрынғы күйеу баласының балаларды күштеп әкетем деп қорқады.
“Балаларды алсам әке-шешем қарайды. Бірақ қайын жұртта қалуына қарсымын. Ол менің балаларым. Неге балаларымды өз қолыма бермей отырсыздар”, – дейді Жұмабек Бақыт.
Осы тұста заң өкілі егер Жұмабек тұрғылықты мекен жайын, тұрақты жұмысы барын, балаларды асырай алатынын дәлелдесе сот балаларды әкесіне беруі мүмкін екенін айтты.
Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің маманы Ұлжалғас Тастанова балалардың әкесі жағдайын түзеп алу үшін балаларды нағашы апасына бере тұруына болатынын атап өтті.
“Жұмабекті ешкім ата-ана құқынан шектемейді, айырмайды. Балалармен қалаған уақытында кездесіп, жағдайы түзелгенге дейін қорғаншылыққа бере тұра алады. Ол үшін асыраушыға жәрдемақы тағайындалады. Егер Бақыт Жұмабек қорғаншылыққа бермеймін деген жағдайда Алматы қаласының қорғаншы және қамқоршы бөліміне барып, балаларының нағашы апасының қолында екенін айтып, өтініш тастау керек”, – дейді маман.
Бағдарлама сарапшылары екі тарапқа балалар үшін татуласуға кеңес берді.