Астаналықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арнап 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады

05.04.2024, 17:33
1012
Астаналықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арнап 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады gov.kz

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап, жөнелтеді. Ниет білдірушілер жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, алғашқы қажеттілік заттарын әкеліп жатыр.

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы «Жастар рухы» жастар қанатымен, қала әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» ЖРО еріктілерімен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, шағын, орта және ірі бизнес өкілдері 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады.

Қостанай облысында Қазақстан жастар конгресінің волонтерлері еріктілердің жұмысын үйлестіріп, Астанадан гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етіп жатыр.

«Қостанай облысында жұмыс істеп жатқанымызға 5 күн болды. Біздің волонтерлар гуманитарлық көмекті түсіріп, таратуға көмектеседі. Ең алдымен – азық-түлік, моторлы қайықтар, генераторлар, резеңке етік, сол сияқты су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қажеттінің бәрі», – дейді Қазақстан жастар конгресінің жетекшісі Бағдәулет Жанділдаев.

Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмысына елорданың жоғары оқу орындары да қосылды: Мақсұт Нәрікбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, ESIL университеті. Көмек көрсеткен өзге ұйымдардың қатарында: The one қонақүйі, «Әсем», «Рахмет», «Шапағат» сауда үйлері және басқа да бизнес құрылымдарының өкілдері.

Сонымен қатар, елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау мақсатында әлеуметтік шара ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды ​​облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмек жиналды. Қазіргі таңда қалалық Ассамблея мүшелері мен еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам көмек көрсетті.

Жиналған көмектің ішінде негізгі орынды киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар мен аяқ киім алады.

Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Қызығушылық танытқандар қажетті өнімдерді жинап, қабылдау пунктеріне апара алады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)