«Бір рет қол көтерген адам өзгермейді»: Балаева Бишімбаев ісі туралы пікір білдіріп, әйелдерге үндеу жасады

05.04.2024, 19:27
1002
«Бір рет қол көтерген адам өзгермейді»: Балаева Бишімбаев ісі туралы пікір білдіріп, әйелдерге үндеу жасады ашық дереккөзден

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың ісіне қатысты мәдениет және ақпарат министрі пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Время газетіне сілтеме жасап жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министр Аида Балаева Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы ретінде "Бишімбаев ісіне" қатысты пікірін айтты. 

"Мен, төраға ретінде және Ұлттық комиссияның барлық мүшесі осы сот процесін жіті бақылап отырамыз. Соттың әділ шешім шығаратынына сенімдімін. Мемлекет басшысы айтып отырған заңдылық пен тәртіп қамтамасыз етіледі. Мен әйел ретінде де, ана ретінде де Салтанаттың жақындарының, анасының қайғысына ортақпын. Оны ұрып-соққан сұмдық видеоны көру өте ауыр. Қазақстандықтар үшін Салтанат тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің символына айналды. Ашық сот және оның ашықтығы әлеуетті қылмыскерлерді зорлық-зомбылықтан тыйып, көптеген адамның өмірін сақтап қалады деп сенемін", - деп жауап берді министр Аида Балаева. 

Сондай-ақ министр барша қыз-келіншектер қауымына үндеу жасады. 

"Сізге бір кездері қол көтерген адам өзгереді деп ойламаңыздар. Өзгермейді! Егер ол әйелді ұрып-соғуға және оны қорлауға дәті барса, оның моральдық ұстанымдары және адамгершілігі жоқ деген сөз". 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)