"Жантүршігерлік оқиға": Аймағамбетов Бишімбаев ісінен кейін әзірленген жаңа заң туралы айтып берді

06.04.2024, 16:32
1295
"Жантүршігерлік оқиға": Аймағамбетов Бишімбаев ісінен кейін әзірленген жаңа заң туралы айтып берді gov.kz

Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылық пен педофилиядан қорғаудың жолын ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, экс-министр, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау жөніндегі әзірленген заңның өзектілігі туралы айтты. Бұл туралы Аймағамбетов Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Қазақстандықтар соңғы күндері сот залынан жаңалықтарды бақылап отыр. Менің ойымша, бұл жан түршігерлік оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Резонанс тудырған сот процесінің аясында мәжіліс депутаттары бастамашылық етіп, қабылдаған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау жөніндегі заңның өзектілігі мен маңызы арта түсті", - деп жазды Аймағамбетов. 

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жауапкершілікті қатаңдату міндеті қойылғанын еске салды. 

"2023 жылғы наурызда өткен сайлаудан кейін мәжіліс депутаттары өздерінің алғашқы заң жобаларының бірі ретінде дәл осы заңға бастамашы болды. Яғни бұл заң 2023 жылғы қарашада болған қайғылы оқиғаларға дейін әзірленді", - деп жазды ол. 

Депутаттың сөзінше, заң біздің қоғамдағы зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне, ең алдымен әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа тиімді тосқауыл қоятын жаңа құқықтық нормаларды енгізеді. 

Заңда мынадай жаңашылдық бар: 

- ұрып-соғу немесе отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында өзге де зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді; 

- жәбірленушінің мәлімдемесін күтпей-ақ, БАҚ-тағы немесе онлайн платформалардағы хабарламалар негізінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі немесе фактілері кезінде жеке профилактика іс-шараларын қолдану құқығын беруді; 

- соттың, қазіргі уақытта жиі кездесетіндей, баспанадан балалар мен жәбірленушіні емес, агрессорды шығару құқығын; 

- өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін, өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу. 

- Педофилия және сәбилерді өлтіру үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды; 

- 16 жасқа толмаған адамдарды жыныстық қудалау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады