Павлодарда мал қорымы мен зираттарға жайылған қарғын су Ертіске ағып жатқан жоқ

08.04.2024, 19:41
991
Павлодарда мал қорымы мен зираттарға жайылған қарғын су Ертіске ағып жатқан жоқ Абай облысының әкімдігі

Павлодарлық тұрғындардың мессенжерлеріне Ертістің жоғары жағындағы зираттар мен мал қорымдарын су басып, одан әрі өзенге құйылып жатқаны туралы ақпарат тарап кетті.

Әрі оның салдарынан өңірде ішек аурулары көбейгені, краннан аққан суды кемі 10 минут қайнатып ішу керектігі көрсетілген.

Өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Мекеме мамандары ауызсумен қамту нысандарындағы тіршілік нәрінің сапасын бақылауда ұстап отырмыз деп сендірді.

«Су тасқыны кезеңінде туындауы ықтимал санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлардың алдын алу мақсатында және халықтың денсаулығына төнетін қауіпті төмендету үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары тарапынан ауызсумен жабдықтау объектілеріне мониторинг күшейтілді. Сәуір айының басынан ауыз сумен жабдықтау нысандарынан 552 су сынамасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша зерттелді, сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.Пайдаланушы ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдарға халыққа жеткізілетін ауыз судың сапасына бақылауды күшейту жөнінде, сондай-ақ өндірістік бақылауды жүзеге асыру туралы ескертілді. 8 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы сумен жабдықтау объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жіті ішек инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Су басу салдарына байланысты жіті ішек инфекцияларының өсімі байқалған жоқ» деп хабарлады департаменттен.

Дейтұрғанмен мекеме мамандары ішек инфекцияларының, «А» гепатитінің және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жеке гигиенаны сақтауды, ауызсуды кепілдендірілген көздерден алуды және қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануды ұсынды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады