Су тасқыны: Құлсарыда бір отбасының екі бірдей мүшесі жоғалып кетті

09.04.2024, 17:09
1222
Су тасқыны: Құлсарыда бір отбасының екі бірдей мүшесі жоғалып кетті arbatmedia.kz

Құлсарыда екі ер адам – әкесі мен ұлы жоғалып кетті.

Олар резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін олардан хабар жоқ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлап отыр.

Атырау облысының Құлсары қаласында Жем өзенінің тасуы салдарынан су басқан болатын. Салдарынан екі ер адам із-түзсіз жоғалып кетті. Телеарна дерегінше, әкесі мен баласы резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйін тексеруге кеткен, содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Телеарна ақпараты бойынша, 3 мыңға жуық үй мен объектіні топан су басқан. Кейбір жерлерде үйінен шығып үлгермеген адамдар бар, оларды құтқарушылар құтқарып отыр. Ал аулалардан жүздеген үй жануарлары мен ірі қара мал шығарылып жатыр.

Өткен аптада Құлсарыда дүкендер, дәріханалар мен жанармай құю бекеттері жабылған болатын. Бүгінде бұл нысандардың басым бөлігі қайта жұмысын жандандырды.

«Құлсары қаласындағы жағдай үш күн бұрын ушығып кеткен болатын. Қазір су тартылып жатыр. Әлі де су шайып жатқан жолдар бар. Жалпы айтқанда, су деңгейі 40 сантиметрге, кей жерлерде 20 сантиметрге дейін төмендеген», – деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жантөре Демешов.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды