Jusan bank 100 млрд теңгені мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарды

09.04.2024, 20:41
647
Jusan bank 100 млрд теңгені мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарды kostanews.kz

Jusan bank «Самұрық-Қазынадан» өз облигацияларын сатып алып, мемлекет көмегінің 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды.

 

Банк 2024 жылғы 9 сәуірде First Heartland Jusan Bank АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-дан 100 млрд теңгеге реттелген облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын сатып алғанын хабарлады.

«2023 жылдың ортасында Jusan Bank Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаннан бері банк бизнес-процестерді жақсарту, шығындарды оңтайландыру, бизнестің тиімділігі мен табыстылығын арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарды. Осы жұмыстардың тұтас кешені қаржылық тұрақты және әлеуметтік жауапты қазақстандық мекеме, мемлекеттің сенімді серіктесі ретінде банкке мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік берді», — деді Jusan Bank-тың директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 2024 жылғы 3 сәуірге мемлекеттік қолдау Jusan Bank, Bank RBK, Halyk bank, «Банк ЦентрКредит» (ЦКБ), «Еуразиялық банк» және «Нұрбанк» секілді 6 қаржы ұйымында жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге сақталды.

Агенттік банктің мемлекеттік бюджет, Ұлттық қор, Ұлттық банк және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын пайдалана отырып орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген салымдар, облигациялар, қарыздар бойынша, оның ішінде банктің қаржылық орнықтылығын және (немесе) сауықтырылуын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы банктің міндеттемелері мемлекеттік қолдау деп танылатынын атап өтті.

2024 жылғы 8 сәуірде Halyk bank мемлекет алдындағы мемлекеттік қолдау шеңберінде алынған 250 млрд теңге мөлшеріндегі берешекті мерзімінен бұрын өтегенін хабарлады. Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Halyk Bank өзі тікелей мемлекеттік қолдау алмағанын атап өтті.

2015 жылы оларды қолдау аясында БТА мен «Казкомерцбанкке» ақша бөлінді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады