«Кәрім Мәсімовтің көмекшісі»: Әнші Индира Елемес күйеуін алаяқтық жасады деп айыптағандарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
11.04.2024, 18:56
1832
«Кәрім Мәсімовтің көмекшісі»: Әнші Индира Елемес күйеуін алаяқтық жасады деп айыптағандарға жауап берді жеке парақшасынан

Желі қолданушысының айтуынша, ол құзырлы органдарға арыз жазып үлгерген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Facebook желісінде Алексей Пучков есімді азамат әнші Индира Елеместің күйеуі Қалелхан Иманмәдиді алаяқтық жолмен ақша алды деп айыптады. Осы мәселеге қатысты өнер иесі Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісінің сұрағына жауап берді.

Желі қолданушысының айтуынша, ол құзырлы органдарға арыз жазып үлгерген.  

«Достар, кеше мен Instagram-да пост жаздым. Қалелхан Иманмәдидің алаяқтық әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздедік. Бұл Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі және әнші Индира Елеместің күйеуі. Бірнеше адам жауап берді. Бірақ мен одан да көп жапа шеккендердің бар екенін білемін. Егер өзіңіз немесе танысыңыз зардап шеккен болса жекеге хабарласыңыз. Алдыңғы жазбамнан кейін Қалелхан шығып, алаяқтық жолмен алған ақшамды қайтарып беремін деп, жазбаны өшіруімді өтінді. Алайда мұның бәрі бос сөз болып қалды», – деп жазды желі қолданушысы. 

Осы мәселеге байланысты Индира Елеместің өзіне қоңырау шалдық. Бір сағаттан кейін өнер иесі сұрағымызға жауап беріп, өз ойын айтты. 

«Қалелхан Иманмәди күйеуім екені рас. Бірақ бұл іс туралы ештеңе білмеймін. Тіпті, осы мәселе бойынша күйеуіме хабарласып, істің мән-жайын сұраған да жоқпын. Өйткені олар – ересек адамдар. Жолдасым екеуміз бір-біріміздің тірліктерімізге араласпаймыз. Алексейден ақша алды дегеннің өзінде мен қасында болған жоқпын. Ол ақшаны көріп, қолмен ұстаған емеспін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Осы жағдайға мені араластырғаны үшін ренжіп қалғаным рас. Мені жеке парақшасында белгілепті. Тіпті, шокта отырмын. Өйткені өнер жолында жүріп, танымал болғалы осындай мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын. Осы тұрғыда заңды қолдаймын. Заң қалай шешеді, менің де позициям сол жақта болады. Кім кінәлі болса да, тиісті жазасын алуы керек», – деді Индира Елемес.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды