«Билет алып қойдық»: Гүлзира Айдарбекова су басқан өңірлерге баратынын айтты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
11.04.2024, 19:37
5064
«Билет алып қойдық»: Гүлзира Айдарбекова су басқан өңірлерге баратынын айтты (видео) жеке парақшасынан

Осыған дейін өнер адамдары су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаржылай көмек жинаған болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен өңірге баратынын айтты.

«Батыстағы, шығыстағы, солтүстіктегі, орталықтағы, жайсаң жұртым! Дәл қазіргідей уақытта алаң көңіл халыққа ақыл айтып, ақылгөй болғым келмейді. Тек ана көңілім жараланып қалғанын мойындаймын. «Әкемнен қалған көз еді», «Анамның иісі шығып тұратын шаңырақ еді» деп езілген жандарды, шошынып қалған балаларды, қарияларды көріп қалай езілмейін?

Тағдыры күреске толы қазақ халқы қашан қамсыз өмір сүреді екенбіз? Бәріңіз бөтен емессіздер. Ұлым сахнаға жаңадан шыға бастағанда қолдап, қиялына қанат бітірдіңіздер. Соның бәрін ұға тұра, сезе тұра біз қалай қамсыз отырайық? Әрине өнер адамдары жұрт деп жұмылудамыз. Барлық жағдай түзелгенше, бірнеше рет қаржы жинаймыз. «Ауызбіршілігімізді жоғалтпайық» деп отырмыз. Бәріміз қарғын су құрсауындағы ағайынға көңілімізбен де, көмегімізбен де демеу болуды ойлап отырмыз.

Сіздермен «Жүздесеміз, көзбе-көз ақылдасамыз» деп 15-нен бастап жолға шығуға билет те алып қойдық. Біраз әріптесіміз апат болған жерде, халықтың ортасында жүріп, бізді хабардар етіп отыр. Біздің өнер адамдары ел басына күн туған қай уақытта да жай отырған емес. Қолынан келгенін істеп, болысып жүреді. Бұл жолы да солай жүйелі жоспар құрдық. Жер-жердегі өнерпаздар бізді қолдап жатыр. Халық қамы үшін көтерілген қазандыққа бұйырған жәрдемімізді саламыз. Жаратушы еліме, жеріме жар болсын», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады