«Үнтаспалары 1000 тиражбен сатылған»: Ақбота Керімбекова анасын туған күнімен құттықтады

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 18:20
2296
«Үнтаспалары 1000 тиражбен сатылған»: Ақбота Керімбекова анасын туған күнімен құттықтады жеке парақшасынан

Танымал әнші Ақбота Керімбекова анасының туған күнінде ерекше жазба жариялап, оның жас кезінде әнші болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің анасы Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті болған. 

“Анамның қайран жастығы-ай… 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында анам Бибіажар Махамбетованың есімі дүркіреп шыға бастаған екен. “Гүлдермен”, “Қазақконцертпен” жарты әлемді аралаған. Ғарекеңдей ән еркесіне шәкірт болып, үнтаспалары жүздеген мың тиражбен сатылған. Орындаған әр шығармасы “Алтын қорға” шыққанындай еніп отырған. Бүгін күллі қазаққа ортақ болып кеткен әндер сол уақытта анама арнайы жазылып, бір бақытты өнер адамының тағдырын бастан кешірген. Кейін бар бақытын аналықтан іздеп, Ақботасы өмірге келгесін маған эстафетаны табыс етті. Өнерінің кемелдігі сол, дарыны үшінші ұрпаққа дейін дарыды ғой. Жиен немересі, өзінің бауырына басқан ұлы Біржан да әнші, білесіздер. Бұған қалай таңданбассың?! Әлі де домбыра көрсе делебесі қозып, әлі де қазақ әні үшін алаңдап отырады. Өнер киесін бәрінен биік көреді. Бүгін – сол анамның туған күні! Жан Ана, асыл Ана, аяулы Ана! Ғасыр жасаңызшы! Мен cізді қатты жақсы көремін”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушы анасының даусы ерекше екенін айтып, таңдай қағып жатыр. 

“Әдемі жаңғырық қоңыр дауысты сонша жыл тұншықтырып жүрген екен. Сіз де ұл немесе қызыңыз үшін тұншықтырып су түбіне жібере аласыз ба?!” “Анаңыз 1992 жылы Майра Илиясова екеуі Қызылорда облысы Абай ауылына клубқа концерт қойды. Өте тамаша концерт болды. Концерттен кейін шай бердік. Менің жолдасым сол совхоздың директоры еді. Отырыста өлең айтып билеп тамаша отырдық. Ашық ақжарқын екен. Кейін теледидардан концерт болса іздеп отыратын едім. Алла денсаулық берсін. Немерелер көріп отыр екен шөбере шөпшек қызықтарын көрсін!”, “Домбыра қағысы ерекше екен”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Ақбота Керімбекова қоғамды әбігерге салған су тасқынына салғырт қараған билік өкілдеріне шүйліккенін жазған едік. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)