Астанада «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өтті

13.04.2024, 12:50
608
Астанада «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өтті gov.kz

Қатысушылар жұмыс істейтін әйелдерді лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс-шара Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Халықаралық еңбек ұйымымен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Форумға кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшелері, сарапшылар, ұлттық кәсіпорталықтар-әріптестердің көшбасшылары, әлеуметтік әріптестер қатысты.

Қатысушылар жұмыс істейтін әйелдерді лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, жемісті жұмыс тәжірибелерін талқылады, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің еңбек құқығы» әлеуметтанушылық зерттеуінің нәтижесімен танысты.

«Тұрақты дамудағы әйелдердің әлеуеті» секциясында ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова өз сөзінде қоғамда гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету шеңберінде ведомство қабылдайтын шаралар туралы айтып өтті.

«Біз халықаралық көрсеткіштерге және ТДМ-5 сәйкес гендерлік теңдікке қол жеткізуге ұмтылып жатырмыз. Әйелдердің тең құқығын іске асыру және мүмкіндіктерін кеңейтудің  заңнамалық негізі құрылды. 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Үкіметте ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі әрекет жоспары әзірленіп жатыр.

БАҚ арқылы ақпараттық жұмыс, оқыту, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, біз мұғалімдерді, мемлекеттік қызметкерлерді гендерлік теңдіктің негізгі ұғымдары, теңдік және кемсітпеу мәдениеті, гендерлік құзыреттерді оқытамыз. Гендерлік теңдік мәселелері бойынша некеге тұрған ерлі-зайыптыларды ақпараттандыру бойынша жоба іске асырылуда», - деп атап өтті Найла Мұхтарова.

Форум делегаттары кәсіпорындарда еңбекші әйелдердің құқығын қорғау, әйелдерге ұжымдық келісімшарттарда әлеуметтік кепілдікті бекіту, сонымен қатар денсаулық сақтау, демалыс ұйымдастыру, оқу-ағарту және нәтижелі жұмыспен қамту салаларда әйелдерді қолдау бойынша бағдарламалар мен жобалар туралы ойын ортаға салды.

Іс-шара соңында Қазақстандағы еңбекші әйелдердің құқықтарын қорғау мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ұсыныстар туралы қарар қабылданды.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады