SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 14 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер болжамынша, жексенбі түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында 14 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
14 сәуірде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Қарағанды қаласында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Бұл күні Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Алматы қаласында күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады.
Жексенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Петропавл қаласында жаңбыр күтіледі.
Жексенбі күндіз Астана қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі.
14 сәуір түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
14 сәуір түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, сотүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Бұл күні Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай ойнайды. Шымкент қаласында найзағай, дауыл күтіледі.
14 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жексенбі күні Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Павлодар қаласында түнде және таңертең жаңбыр жауады.
Ал Абай облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі.
Сонымен қатар синоптиктер Державинск қаласында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетіне байланысты су деңгейінің көтерілуі жалғасып жатқанын айтты. Су деңгейі қауіпті деңгейден 15 см-ге (қауіпті деңгей - 850 см) асқан, су нысанының күйі - гидробекет мұздан тазартылған. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да судың жайылуы байқалмады.
Есіл өзінінің бүйірлік салалары мен орта ағысынан еріген қар ағынының келуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде. Қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.