2113

«Құдай қуат берсін»: Төреғали Төреәлі су басқан Құлсары өңіріне барды (видео)

Әнші Төреғали Төреәлі Атырау облысы, Құлсары қаласына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«Құдай қуат берсін»: Төреғали Төреәлі су басқан Құлсары өңіріне барды (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі көмекке келген жүкті түсірісіп, зардап шеккен халыққа қолдау білдірді. 

"Апат айтып келмейді, жасағанмен бақылау. Атырауым абдырап, қалыпты ғой апыр-ау. Құлсарылық құлдарын Құдай сынап жатыр-ау. Жаны жайсаң жақсылар, жарық күндер жақын-ау. Біз біргеміз, Құлсары! Біз біргеміз, Атырау", - деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында. 

Видеодан Төреғали Төреәлі мен оның әкесінің, сондай-ақ әнші Әділет Жауғашардың жүк тиелген көліктердегі халыққа келіп жеткен көмекті түсірісіп жүргенін көруге болады. 

"Құлсарыда талай қуанышта, талай тойда, концертте болғанбыз. Құдай сіздерге қуат берсін! Жақсы күндеріміз көп болсын", - деді видеода Төреғали Төреәлі. 

Желі қолданушылары әншінің бұл ісіне ризашылық білдіріп, жарыса алғыс айтты.

"Алла разы болсын", "Жарайсыз", "Әйелім ұл тапса, атын Төреғали қоярмын", "Алла сауаптан жазсын", - деп жазды желідегілер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әкесі су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек бергенін айтқан болатынбыз.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор