Ахмет Ясауи университеті Атырау облысына жәрдем жіберді

14.04.2024, 17:50
1068
Ахмет Ясауи университеті Атырау облысына жәрдем жіберді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

4 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің халқына қолдау және көмек көрсету мақсатында жоғары оқу орындары түрлі жәрдем түрлерін ұсынып жатыр. Бұл игі істен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де шет қалмады.

Университет ұжымы мен студенттері қиын жағдайға тап болған отандастарымызға жан-жақты қолдау шараларын ұйымдастырды. Оқу орнының 500-ге жуық оқытушысы мен қызметкері  бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударып, 4 млн теңгеден астам қаражат жиналды.

Сондай-ақ, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркиялық  бауырлардың атынан қосымша 3 млн теңге қаражат жіберді.

Ал, оқу орнының «Актерлік өнер» мамандығының 2 курс студенттері арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» атты қойылымды сахналады. Билет сатылымынан түскен қаржыны материалдық көмекке аударды.

Ахмет Ясауи университетінің басшылығы барлық жиналған қаражатты Атырау облысының тұрғындарына жәрдем үшін жұмсауға шешім қабылдады. Қазіргі таңда Жайық өзенінің суы тасып, Атырауда шұғыл түрде бөгеттер мен дамбы жасау жұмыстары басталып кетті. Осыған орай, оқу орны атынан шұғыл түрде құрылыс-шаруашылық заттары сатып алынып, жүк көлігімен Атырау облысына жөнелтілді.

Айта кетейік, оқу орны жіберген жәрдемді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қабылдап алып, жәрдем қажет орындарға жеткізеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды